2019 – 2020 жылдарға жаңа жылыту маусымына дайындығы бойынша штабының отырысы

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Е. Жазылбектің төрағалығымен қалалар мен аудандар әкімдерінің, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен 2019-2020 жылдардағы жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша штаб отырысы өткізілді.

Кеңес барысында Павлодар облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Е. Б. Иманзаипов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің жаңа жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

Жалпы, баяндамада барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетіні атап өтілді.

Сондай — ақ, штаб отырысында «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті Р. С. Романовтың ЖЭО-1 және «Павлодарэнерго» АҚ Басқарма төрағасы О. В. Перфиловтың ЖЭО — 2 және ЖЭО-3 күзгі-қысқы кезеңге дайындығы жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбек жөндеу жұмыстарын күшейту және бекітілген кестелерді сақтау бөлігінде тиісті тапсырмалар берілді.