2018-2019 жылдардың жылу беру маусымының аяқталуы және жаңа жылу беру маусымына дайындық туралы

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде облыстық аппараттық кеңесте Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов жылу беру маусымының аяқталуы және жаңа жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндама жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік сала нысандарында жылу беру маусымында температуралық режим сақталған. Тұрғындардың жылусыз қалуы бойынша жүгінулері кезінде басқару органдары жылумен жабдықтау ұйымдарымен бірлесе отырып, реттеу іс-шараларын уақытында жүргізді.

Жылу беру кезеңі басталғаннан бері тұрғындардан жылумен жабдықтаудың жоқтығына және пәтерлерде жылытылмауына 806 өтініш келіп түсті, бұл өткен КҚК қарағанда екі есе көп.

Павлодар қаласы бойынша жылумен жеткіліксіз қамтамасыз етуге өтініштер санының көбеюінің негізгі себебі саяжай шағын ауданы, Лесозавод, Усольский шағын ауданы, 2-ші Павлодар, Толстой – Қамзин көшелерінің қиылысы учаскелерінде жылумен жабдықтау желілерін жер асты суларымен су басу болып табылады.

Осы проблемаларды шешу үшін жер асты суларын бұру үшін дренаж жүйесін салу, жаңа жылу магистральдарын салу және қолданыстағы желілерді ППУ оқшаулауға ауыстыру қажет.

Сондай-ақ, ведомство басшысының баяндамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау бойынша жөндеу жоспарлары белгіленген, олар өткен жылдың деңгейінен төмен емес.

Мәселені қарау аяқталған соң облыс әкімі Б.Ж. Бақауов тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын жедел жүргізу қажеттілігін атап өтті.