2018 жылы жоспарға және 2017 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шеңберіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру қорытынды мәселелері бойынша кеңес

31 қаңтарда 2018 жылы Павлодар қаласы, Достық үйінде 2018 жылы жоспарға және 2017 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шеңберіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру қорытынды мәселелері бойынша электрэнергетика және энергия үнемдеу Институты, қала және аудандар әкімдіктері, облыс басқармалары және  өндірістік кәсіпорындар өкілдерімен мәжіліс өткізілді.

Мәжілісте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шеңберіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, Мемлекеттік энергетикалық реестірді қалыптастыру және жүргізу, энергия аудит рәсімін жүргізу, энергия тиімділігін картасын қалыптастыру және жүргізу, ЭСКО механизмін түсіндіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шеңберіндегі және автоматтандырылған жүйесін «АИС МЭР» бақылау және қадағалау.

Мемлекет Басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында кәсіпорындардың энергия тиімділігі және энергия үнемдеу талаптарын арттыруына, сонымен қатар энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялығына және тиімділігіне, жаңғыртылатын энергия көздерінің енгізілуіне басты назар аударылады.

Осыған байланысты, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру қазіргі уақытта бірінші кезектегі және басым міндет болып табылады, оны орындау арқасында бірқатар проблемалар шешілетін болады: энергетикалық, экологиялық және экономикалық, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында.

Бүгінгі күні Павлодар облысында 12-15 жылдарға және 15-17 жылдарға арналған Энергия үнемдеу кешенді жоспарлары іске асырылды, 2018-2021 жылдарға арналған Энергия үнемдеу кешенді жоспарын іске асыру басталды, мұнда 143 іс-шарадан тұратын 8 негізгі бағыт қарастырылады.

Энергия тиімділігін арттыру үшін облыс кәсіпорындары Кешенді жоспарға сәйкес 3 жылдың қорытындылары бойынша 200-ден астам іс-шараны іске асырды, бұл 35,0 мың ш.т.о. үнемдеуге мүмкіндік берді, соның ішінде 50,4 млн.кВт.сағат электр энергиясы және 77,7 мың Гкал жылу энергиясы, экономикалық әсер 617,4 млн.теңге құрады.

Сонымен қатар, ресурс үнемдеу әлеуетін анықтау үшін, Мемлекеттік энергетика тізіліміне енген 20 ірі энергия ресурстарын тұтынушылар энергоаудиттер жүргізді.

Бұдан басқа, он төрт кәсіпорын ИСО 50001 халықаралық энергоменеджмент стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған аудит өтті.

100 нақты қадам – ұлттық жоспарының «Энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту» 59-қадамын іске асыру шеңберінде,  17 жылы Ақсу ферроқорытпа заводы «ProLUX» ЖШС-імен (Қарағанды қаласы) энергосервис келісім-шартын жасасты, ЭСКО келісім-шарт шеңберінде 11,5 мың шам жарық диодты шамға ауыстырылатын болады, бұл электр энергиясының тұтынуын 60%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, экономикалық әсер жылына 110 млн.теңгені құрайтын болады.

Бюджет секторында және ТҮКШ саласында сондай-ақ энергия үнемдеу іс-шаралары өткізілуде.

Квазимемлекеттік сектордың 486 объектісінде энергоаудит өткізілді, 15,0 мың шаршы метрден астам терезе қапсырмасы ауыстырылды, 50,0 мың шаршы метр жабын қайта жаңартылды, 8,0 мың шаршы метр сыртқы қабырға жылытылды.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, бюджет секторында 1 млн.кВт.сағ.астам электр және 3 мың Гкал жылу энергиясы үнемделді.

Сонымен қатар, 17 жылы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Әлемдік банкпен жасалған грант келісімі шеңберінде, Екібастұз қаласының, Ақтоғай және Май аудандарының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар мен материалдарды қолданумен аталған объектілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Энергия үнемдеу технологияларын қолданумен көше жарықтандыруды жаңғырту бойынша.

17 жылы Павлодар және Екібастұз қалаларында көше жарықтандыруды жаңғырту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жасалды.

Жобалар шеңберінде жекеше әріптестер 16 мың бірлік көше шамдарын қазіргі заманғы жарық диодты шамдарға ауыстырумен көше жарықтандыру жаңартылатын болады, 70 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы, 61 сыртқы жарықтандыруды басқару автоматтандырылған жүйесі шкафы орнатылады, 82 шақырым сым өздігінен оқшаулау сымына ауыстырылады, сонымен қатар диспетчерлік пунктімен көше жарықтандыруды басқарудың интеллектуалды жүйесі енгізілетін болады.

Осы жобаларды іске асыру арқасында, электр энергиясын тұтыну 60%-дан астам төмендейді, сонымен қатар қалалардың тұрғындары заманауи стандарттардың сапалы және энергия тиімді жарықтандыруымен қамтамасыз етіледі.

Жалпы 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша барлық іс-шаралары толық көлемде орындалғанын атап өтуге болады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Павлодар облысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау бойынша бірінші орынға ие, сонымен қатар облыстың Жалпы өңірлік өнімінің энергия тұтынуы 25%-ға төмендеді.

Қазіргі уақытта 2018-2021 жылдарға арналған жаңа Энергия үнемдеу кешенді жоспары әзірленді, соның шеңберінде тиісті жұмыстар жалғасатын болады.