2017 жылғы 08 желтоқсанда облыс әкімінің төрағалығымен Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыс және 2018 жылға арналған міндеттер бойынша алқа мәжілісі өткізілді

2017 жылғы 08 желтоқсанда облыс әкімінің төрағалығымен Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыс және 2018 жылға арналған міндеттер бойынша алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары, қалалар мен аудандар әкімдері, облыс басқармаларының басшылары, аумақтық органдардың басшылары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Алқа мәжілісінің қорытындылары бойынша облыс әкімі, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.