17.08.16-Жылу беру маусымына дайындық туралы

Облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің дайындығы шеңберінде Энергетика және ТҮКШ басқармасы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің 2016-2017 жылдардың жаңа жылу беру маусымына дайындығы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырыстарын өткізу Кестесін әзірледі және бекітті.

Осы кестеге сәйкес, Железин, Май аудандары мен Ақсу қаласында көшпелі отырыстар өткізілді. Сапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғанов ТҮКШ және әлеуметтік сала объектілерінің жаңа жылу беру маусымына уақытында дайын болуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ағымдағы жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша облыстың электр станцияларында, электрмен жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорындарында бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес жабдықтардың жөндеу жұмыстары жүргізілуде.