ӨЗІҢНЕН БАСТА акциясы

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мақсатында «Өзіңнен баста» республикалық акциясы өткізілуде, оның басты мақсаты партия мүшелерінің — мемлекеттік қызметшілердің және ұйымдар мен мекемелердің басшыларының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

Өз табыстары туралы:

  1. Суенов Бақыт Қайырденұлы —  басқарма басшысының міндетін атқарушы. 2015 жылы оның табысы 4 365 298,33 теңгені құрады. Жалпы алаңы 60,3 шаршы м. шағын габаритті 4 бөлмелі пәтері,  «Авиатор» бақ шаруашылығында алаңы 0,05 га бақ учаскесі, 2015 жылы шығарылған «Рено» автомобилі (кредит) бар.
  2. Абулкалыков Мұрат Жұмагелдіұлы – басқарма басшысының орынбасары. 2015 жылы оның табысы 3 108 570,62 теңгені құрады. 2015 жылы шығарылған Hyundai автомобилі бар.