Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау

1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығын тойлау қарсаңында Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасының ұжымы үш Ұлы Отан соғысының ардагеріне барды:

Егоренков Николай Егорович, 04.06.1926 ж.т.;

Воловик Константин Филимонович, 02.06.1927 ж.т.;

Мильванов Михаил Михайлович, 25.04.1929 ж.т.;

Ардагерлермен кездесу кезінде басқарма басшысы басқарма ұжымының атынан Ұлы Жеңіс үшін алғыс сөздерін білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр тіледі, сондай-ақ ардагерлерге гүл шоқтары мен азық-түлік себеттерін табыстады.

«Еліміздің келешек ұрпақтарының негізгі борышы – жеңімпаздар ұрпағының алдындағы борышы – Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелікті сақтау, ешбір қаза болған жауынгерді ұмытпау, тірі соғыс пен еңбек майданы ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы батырлық ерлігі үшін құрметке бөлеу» — деді басқарма басшысы Е.Иманзаипов.