Қазақстан астанасының тарихында тұңғыш рет Astana Winter Marathon ұзақ қашықтыққа спорттық жүгіру бойынша қысқы марафон өтті

Қазақстан астанасының тарихында тұңғыш рет Astana Winter Marathon ұзақ қашықтыққа спорттық жүгіру бойынша қысқы марафон өтті.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, марафонның негізгі мақсаты – жүгіру және спорттың өзге де жаппай түрлерін көпшілікке тарату болып табылады.

«Astana Winter Marathon» марафонына қатысуға Қазақстанның түкпір түкпірінен барлығы 400 адам тіркелді. Солардың ішінде 207-і — 10 шақырым қашықтықты таңдаса, қалған 144-і — жартылай марафонда жүгіреді – 21 шақырым, және 49 – 42 шақырым 195 метр.

42 шақырым қашықтық бойынша облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан бас маман  Серік Жаныбекұлы Ташенов қатысты.