Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасында Павлодар облысының әкімдігі және «Қазақстан Лифтшілерінің Ұлттық Қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – Қауымдастық) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қабылданған келісім лифт шаруашылығына қызмет көрсететін сервистік компаниялардың үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздейді. Меморандум шеңберінде Қауымдастық өзіне Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкес келесін және Қауымдастыққа кіретін компаниялар туралы деректер ұсыну бойынша міндеттерді алады.

Меморандумның негізгі мақсаты – сервистік компаниялардың сапалы қызмет көрсетуі есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының лифт жабдығын пайдалануының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осылайша Қауымдастық қауымдастық мүшелері лифт жабдығын тиісінше монтаждау бойынша қызметтер көрсететініне, қолданыстағы лифтілерге тиісінше сервистік қызмет көрсетілудің қамтамасыз етілуіне, бақылау жүргізетініне және ағымдағы жабдықтың техникалық жағдайы туралы үнемі есептер ұсынып отыратынына кепілдік береді. Бұдан басқа, меморандумға сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлердегі лифт жабдығына қызмет көрсетуге жеке талаптар әзірленеді.