Шоғырландырылған өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы

Департамент 2019 жылдың қыркүйек және қазан айлары үшін шоғырландырылған өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда газ желісі ұйымдарының өтінімдері қаралды.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын құру Ережесінде берілген газ желісі ұйымдары үшін сұйытылған мұнай газының көлемін айқындау механизміне сәйкес Комиссия электронды сауда платформаларына 10% ескере отырып, сұйытылған мұнай газының көлемін есептеу мен бөлуді ұсынады.
Комиссия отырысының қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен бекітілген жиынтық өтінім хаттаманың көшірмесімен 2019 жылдың қыркүйек және қазан айларына жеткізу жоспарын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жіберілді.


протокола сент и окт