Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 20 маусымында  Энергетика министрі
Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.

Есептік кездесу ағымдағы жылдың 20 маусымында  сағ.15-00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.

Видеоконференция байланысы Павлодар облысы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ак.Сәтбаев көшесі, 49, 1 қабат, шағын зал.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды 8(7172) 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекен-жайға e.ermekuly@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz жолдауыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz.