Тұрғын үй қорының жағдайы

Облыста көп қабатты тұрғын үйлердің саны 2 432 бірлікті құрайды.

Анықтама ретінде: Павлодар қаласында — 1334 бірлік, Екібастұз қаласында — 751 бірлік, Ақсу қаласында — 251 бірлік, облыс аудандарында – 96 бірлік.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша, күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің саны тұрғын үйлердің жалпы санынан 33%-ды құрайды.

2011-2015 жылдары «ТҮКШ жаңғырту» және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша өткізілген күрделі жұмыстарынан қалған пәтерлердің меншік иелерінің қайтарым қаражаты есебінен ағымдағы жылы Павлодар қаласының 4 тұрғын үйінде күрделі жөндеу жүргізілуде, қазіргі уақытта Қамзин көшесі, 170 1 үйде жұмыстар аяқталды, 3 үйде жөндеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, пәтерлердің меншік иелерінің тұрғын үйлерде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан қалған қайтарым қаражатының сомасы 265,7 млн.теңгені құрайды немесе кезеңдік жоспардың 62,6%, жоспар бойынша 424,4 млн.теңге.