Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2015 жыл

Облыстың электр станциялары 34,7 млрд. кВт сағат электр энергиясын өндірді (2014 жылдың деңгейінен 85,0% – 40,9 млрд. кВт сағат).

Анықтама ретінде:

— «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 10,7 млрд. кВт сағат немесе 76,2% (2014 жылы – 14,1 млрд. кВт сағат);

— «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 3,2 млрд. кВт сағат немесе 67,5% (4,8 млрд. кВт сағат);

— «ЕЭК» АҚ – 14,67 млрд. кВт сағат немесе 89,4% (16,4 млрд. кВт сағат);

— «Павлодарэнерго» АҚ – 3,72 млрд. кВт сағат немесе 111,2% (3,3 млрд. кВт сағат);

— «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО – 2,45 млрд. кВт сағат немесе 107,2% (2,3 млрд. кВт сағат).

6 жоба іске асырылды, 327,7 км желі жаңартылды, соның ішінде 3,9 км электрмен жабдықтау, 10,9 км жылумен жабдықтау, 30,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 6 көп пәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізілді.

Жылумен жабдықтау саласында «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақсу қаласында республикалық бюджеттен бөлінген 702,5 млн.теңге сомасына 3,23 км жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары орындалды.

Анықтама ретінде:

— «Ақсу қаласының № 7, 9 шағын аудандарында квартал ішіндегі жылу трассаларын ауыстыру», сомасы 102,5 млн. теңге, 0,93 км жылу трассасы ауыстырылды;

— «Павлодар облысы Ақсу қаласының жылу желілерін қайта жаңарту, 2 кезең (НП-1-ден «АЖҚ-2) ТК-1, ТК-80 дейін)», сомасы 600 млн.теңге, 2,3 км жылу трассасы қайта жаңартылды.

Бұдан басқа, «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Теплосервис-Ақсу» КМК қызмет көрсетуші кәсіпорындарының жеке қаражаты есебінен Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 558,5 млн.теңге сомасына 7,7 км қайта жаңарту іс-шаралары орындалды.

Электрмен жабдықтау желілері бойынша «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу энергетика жүйесін дамытуға арналған нысаналы даму трансферттері» 011-бағдарламасы бойынша 34,9 млн.теңгені құрайтын «Павлодар облысы Ақсу қаласы Сольветка ауылында 3,958 км электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту» жобасы іске асырылды.

«Павлодар электржелілік таратушы компаниясы» АҚ мен «Горэлектросеть» ЖШС кәсіпорындары жеке қаражаты есебінен 60,7 млн.теңгені құрайтын ұзындығы 270,9 км электрме жабдықтау желілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарын орындады.

Сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бойынша бюджеттік бағдарламаларды, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы сомасы 2 014,4 млн.теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды (соның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 1 648,7 млн. теңге және жергілікті бюджеттен ортақ қаржыландыру сомасы 365,8 млн. теңге).

Жыл қорытындылары бойынша 4 жоба аяқталды, 2016 жылы іске асыру мерзімімен 1 жоба.

Жобаларды іске асыру шеңберінде 0,965 км су бұру желісі қайта жаңартылды, сонымен қатар су тазарту және канализация тазарту құрылғылары жаңғыртылды.

Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың қаражаты есебінен («Павлодар водоканал» ЖШС, «Горводоканал» МКК және «Ақсу су арнасы» КМК) 2015 жылы 461,6 млн.теңге сомасына 29,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.

Тұрғын үй қоры бойынша:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 131,3 млн.теңге сомасына Екібастұз қаласында 6 тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізілді.

2015 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражатының сомасы 190,7 млн.теңгені немесе 60,2% құрайды, жоспар бойынша 316,7 млн.теңге.

2016 жылдың 5 айы

Облыстың электр станциялары 14,23 млрд. кВт сағат электр энергиясын өндірді (өткен кезеңнің деңгейінен 93,6% — 15,2 млрд.кВт сағат), соның ішінде:

Анықтама ретінде:

— «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 3,4 млрд. кВт сағат немесе 76,8% (2015 ж – 4,4 млрд. кВт сағат).

ГРЭС-1 кәсіпорнында электр энергиясы өндірісінің төмендеуі негізінен тұтынушылар сұранысының жалпы төмендеуіне және ірі тұтынушылардың барынша арзан электр көздеріне ауысуына байланысты болып отыр.

— «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 2,1 млрд. кВт сағат немесе 158,3% (1,34 млрд. кВт сағат);

— «ЕЭК» АҚ – 5,9 млрд. кВт сағат немесе 87,1% (6,8 млрд. кВт сағат).

«ЕЭК» АҚ-та электр энергиясы өндірісінің төмендеуі № 5 энергоблоктың 2015 жылғы 6 сәуірде қайта жаңартуға шығуына және электр станциясының  7 блок режимінде жұмыс істеуіне байланысты.

— «Павлодарэнерго» АҚ – 1,69 млрд. кВт сағат немесе 106,9% (1,6 млрд. кВт сағат);

— «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО – 1,13 млрд. кВт сағат немесе 102,0% (1,1 млрд. кВт сағат).

Жедел мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы электр энергиясы өндірісінің болжамы шамамен 35,1 млрд. кВт сағатты құрайтын болады (100,8%).

2016 жылы 3 инвестициялық жобаны іске асыруға арнап 1 206,6 млн. теңге бөлінді:

«Павлодар қаласынта ТК-616/3-тен ТК-616/14 дейін жылу желісін қайта жаңарту», ұзындығы 445 метр, сомасы 58,5 млн.теңге. Жобаның жалпы сметалық құны 572 метр жылумен жабдықтау желісін қайта жаңартуға 80,9 млн.теңгені құрайды. Жобаны қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру 2015 жылы басталды, 2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 22,3 млн.теңге игерілді.

— «Павлодар қаласының канализация тазалау имараттарының бар технологиялық сұлбаларын жаңғырту», сомасы 698,1 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен — 536,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен — 153,1 млн. теңге. Жобаның жалпы құны 1 679,9 млн. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2014 жылы басталды және 269,5 млн. теңге игерілді, 2015 жылы 698,864 млн. теңге игерілді;

2016 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша 51,0 млн. теңге игерілді немесе кезеңдік жоспардың 100%.

««Павлодар облысы Ақсу қаласының жылу желілерін қайта жаңарту, 2 кезең (НП-1-ден «АЖҚ-2) ТК-1, ТК-80 дейін)» — 450,0 млн. теңге. Жобаның жалпы сметалы құны — 1 398,8 млн. теңгені құрайды, 2,992 км жылумен жабдықтау желісін қайта жаңартуды жүзеге асыру жоспарланалы. Жобаны іске асыру 2014 жылы басталды және 202,0 млн. теңге игерілді (0,325 км желі қайта жаңартылды), 2015 жылы  600,0 млн. теңге игерілді (1,5 км желі қайта жаңартылды).

Ағымдағы жылы 1,170 км желіні қайта жаңарту жоспарланады.

2016 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 450,0 млн.теңге игерілді (100%).