ТҮКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысы тура

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы 
ақпарат
«2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2011 жылдан бастап іске асырылады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының екі бағытын қамтиды.
Бірінші бағыт – коммуналдық сектор, жылумен және электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жаңғырту, екінші бағыт – көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу. Бағдарламаның бірінші сатысында жөндеуді қажет ететін желілер мен кондоминиум объектілерінің үлесін 2016 жылға дейін 10%-ға төмендету қарастырылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша. Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 903,7 км құрайды, соның ішінде Павлодар қаласында 407,6 км, Екібастұз қаласында 342,3, Ақсу қаласында 78,8 км және облыс аудандарында 75,4 км. Соның ішінде Бағдарламаны іске асыру басталғанда 567 км немесе 62,6% желі ауыстыру мен жөндеуді қажет етті, соның ішінде Павлодар қаласында 211,3, км немесе 52%, Екібастұз қаласында 263,6 км немесе 77%,  Ақсу қаласында 48,1 км немесе 61%, аудандарда 43 км немесе 57%.
Электрмен жабдықтау желілерінің ұзындығы 17 500 км, 9 450 км немесе 54% жөндеуді қажет етті.
Бағдарламаны іске асыру басталғанда 2011-2014 жылдары 5 млрд. 914  млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 3 млрд. 433 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 416,2 млн. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты 2 млрд. 070 млн. теңге.
Соның ішінде, жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға 2 млрд. 930 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге және жергілікті бюджеттін ортақ қаржыландыру 409,9 млн. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты 120,0 млн. теңге, электрмен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 2 млрд. 984 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 033 млн. теңге және кәсіпорындардың өз қаражаты 1 млрд. 950 млн. теңге.
Осы кезеңде барлығы 3088 км желі жаңғыртылды, соның ішінде 3016 км электрмен, 72 км жылумен жабдықтау желілері.
Орындалған іс-шаралар нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 8,0%-ға төмендеді және 493,4 км немесе жалпы ұзындықтың 54,6%-ын құрады, жөндеуді қажет ететін электр желілерінің ұзындығы 17%-ға төмендеді және 6434 км құрады немесе 37,0 %.
Ақсу қаласында жөндеуді қажет ететін жылумен жабдықтау желілерінің үлесі 21,4 км 19,2%-ға төмендеді, Железин ауданында 2,8 км (14%) төмендеді, осылар белгіленген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.  Павлодар қаласы 3,2 км (0,7 %), Екібастұз қаласы 8,9 км (5,4%), Баянауыл ауданы 1,8 км (8%), Май ауданы 1,2 км (8%) көрсеткішпен артта қалып отыр.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша. Бағдарламаны іске асыру басталғанда 2421 көп қабатты тұрғын үйдің ішінде 1315 үй немесе жалпы санының 55%-ы үй ішіндегі инженерлік желілерді, жабындарды, лифт шаруашылығы мен тірек құрылымын күрделі жөндеуге мұқтаж болды.
Облыс бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 1644 бірлікті немесе тұрғын үйлердің жалпы санының 68%-ын құрайды, соның ішінде Павлодар қаласы бойынша – 1091 бірлік (82%), Екібастұз қаласы бойынша – 393 (52,8%), Ақсу қаласы бойынша – 110 (44,2%), облыс аудандары бойынша – 50 (52%).
Үш жыл ішінде тұрғын үйлерде жөндеу жүргізуге арнап республикалық бюджеттен 1 млрд. 117 млн. теңге бөлінді, 125 тұрғын үй күрделі жөнделді. 180 үйде жөндеу жұмыстары пәтерлердің меншік иелері есебінен жүргізілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 14%-ға төмендеді, жоспар бойынша 6%.
Ағымдағы жылы 33 тұрғын үйді жөндеуге арнап республикалық бюджеттен 699,0 млн. теңге бөлінді, соның ішінде Павлодар қаласында 16 үйді жөндеуге 370,0 млн. теңгеЕкібастұз қаласында 9 үйді жөндеуге 219,0 млн. теңге, Ақсу қаласында 8 үйді жөндеуге 110,0 млн. теңге.
Бүгінгі күні 33 үйдің ішінде 20 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды, жұмыс кестелеріне сәйкес 13 үйде жөндеу жүргізілуде, соның ішінде Павлодар қаласында 8, Екібастұз қаласында 5 үйде.
Бағдарламаны іске асыру басталғанда тұрғын үйлерде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде, 2014 жылғы 1 қараша бойынша, жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 14%-ға төмендеді, 2015 жылғы 01 қаңтарда жоспар бойынша 8%.
Барлық қалаларда белгіленген индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілді.
Үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражатының сомасы 113,2 млн. теңгені немесе 79%-ды құрайды, жоспар бойынша 143,5 млн.теңге (орта республикалық көрсеткіш – 70%).
Бүгінгі күні қалалар әкімдіктерімен Бағдарлама шеңберінде нормативтік мерзімі өткен лифттерді ауыстыру жөніндегі іс-шаралар қамтылмаған.
1717 жолаушылар лифтісі ішінде 815 лифтінің нормативтік пайдалану мерзімі өткен (25 жыл) және ауыстыруды қажет етеді, соның ішінде 428 – коммуналдық меншікке алынған. Павлодар қаласында – 373, Екібастұз қаласында – 39, Ақсу қаласында – 16.
Павлодар облысы бойынша ТЖ департаменті нормативтік пайдалану мерзімі өткен 733 лифтті пайдаланудан шығару туралы нұсқама шығарды. (Павлодар — 691, Екібастұз – 26, Ақсу-16).
Екібастұз, Ақсу қалаларында нормативтік пайдалану мерзімі өткен лифттерді ауыстыру проблемасы «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде шешіледі.
Екібастұз қаласында ағымдағы жылы 33 лифтті жөндеу және нормативтік пайдалану мерзімі өткен 10 лифтті ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақсу қаласында ағымдағы жылы 12 лифтті ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Павлодар қаласы бойынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тек коммуналдық меншіктегі 10-12 лифт жыл сайын ауыстырылып отырады, 2014 жылғы 01 қаңтар бойынша ауыстыруды қажет ететін лифттердің жалпы саны – 691 бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Павлодар қаласының әкімдігі ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде нормативтік пайдалану мерзімі өткен лифттерді ауыстыруды қаржыландыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізбейді.