ПРЕСС-РЕЛИЗ «Altocom Asia» ЖШС, «АЗ Коммерц» ЖШС және Everlight Electronics құрамында Консорциум Павлодар қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сенімді басқару жобасын іске асыруға кірісті.

Павлодар қаласында бірегей және техникалық күрделі сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жобасы  жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен жаңғыртуды аяқтаудан кейін 5 жыл ішінде сынапты және натрий шырағдандарын жарық диодтыға ауыстыру, сыртқы жарықтандыруды басқару автоматтандырылған жүйесін енгізу және қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін сенімді басқару интеллектуалдық жүйесін енгізу көзделді.

«Altocom Asia»  ЖШС Алматы компаниясы Павлодар қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік  аясында сыртқы жарықтандыру жүйесін  жаңғырту және сенімді басқару жобасын іске асыру туралы жеке бастамасымен шықты, жоба концепциясын әзірледі.

Altocom Asia  2016 жылдың ортасында Алматы қаласы, Қазыбек би көшесінде «Smart» жарықтандыру мүмкіндіктерін көрсету үшін шешімді жүзеге асырды, 49  LED шырағдандар және 1 ШУНО  орнатылды. Шешім тұрақты жұмыс істейтінін және Android немесе IOS базасында кез-келген мобильдік құрылғы арқылы ШУНО-ға сұрау салған сәттен бастап, басқару жылдамдығы 7 секундтан аспайтынын  атап өту керек.

Жарық диодты шам жеткізушісі жоба операторының стратегиялық әріптестері болып табылатын Everlight(Тайвань), /RuiLi (Қытай) компаниялары шығады.

Everlight(Тайвань), /RuiLi (Қытай) компаниялары  қолданудың әр түрлі салаларын үшін SMD жарықдиодтылар, шамдар, жарықтандыру компоненттері жарықтандыру, LED жарықтандыру модулі, цифрлық дисплей, оптрондар және ИК-компоненттері жарық диодтының ең жоғары қуатынан тұратын өнімнің кең түрлерін ұсынады. Бүгін компания Қытайда, Гонконге, Японияда, Кореяда, Сингапурда, Малайзияда, Индияда, Германияда және U.S.A  6400 астам  қызметкері бар ғаламды компания болып табылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәні бұл мемлекеттің және жеке сектордың, оның салаларда ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалану жолымен тәуекелдерді, пайдаларды және жұмсалатын шығындарды баланстандырылған тарату жағдайында дәстүрлі түрде мемлекеттің жауапкершілік салаларына жататын өзара пайдалы ынтымақтастығына келіп түйіседі.

Консорциум қатысушылары жекеменшік және қарыз алу есебінен МЖӘ объектісін жаңғырту және пайдалануды жүзеге асырады, ал мемлекет МЖӘ пайдалануға енгізгеннен кейін 5 жыл бойы жеке әріптестердің жұмсалатын шығындарының өтемақысы бойынша міндеттемелерді өздеріне алады.

Жобаны іске асырудың мақсаты қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, энергия үнемдеулігін өсіру, қаланың сыртқы жарықтандыруды ұстауға пайдалану шығындарын төмендету, жол қозғалысының қауіпсіздігін жақсарту болып табылады.

Аталған көрсетілетін қызмет сапасының индикаторлары сыртқы жарықтандыру мұқтаждығына электр энергиясын тұтынуды 50% аса төмендету есебінен қол жеткізіледі, бұл сыртқы жарықтандыруды басқару интеллектуалдық жүйесін енгізуді, жарық диодты шырағдарды қолдануды қамтамасыз етеді.

Бақылау пунктінің көпдеңгейлі жүйесі жедел мониторинг жасауды, жан-жақты диагностика жүргізуді және жарықтандыру аспаптарының жұмыс режимін қашықтықтан бағдарламалауды қамтамасыз етеді.