Павлодар қаласының Жетекші, Мойылды ауылдарында және Ленин кентінде есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар қаласының Жетекші, Мойылды ауылдарында және Ленин кентінде есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулы жобасына (бұдан әрі – қаулы) баспасөз релизі

2020 жылғы 24 қыркүйекте Ашық НҚА порталында танысу және талқылау үшін жоғарыда көрсетілген қаулы жобасы орналастырылды.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты Павлодар қаласының Жетекші, Мойылды ауылдарында және Ленин кентінде есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін бір адамға тәулігіне 140 литр мөлшерінде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту болып табылады.

Қаулы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4950191


Түсініктеме хат

Баспасөз релизі

Қосымша №1

Жоба