Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындау туралы» № 258/9 қаулысына өзгерістер енгізу бойынша РӘТ нәтижелерін дөңгелек үстел арқылы қоғамдық талқылауды өткізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындау туралы» № 258/9 қаулысына өзгерістер енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелерін дөңгелек үстел арқылы қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарлаймыз.

Дөңгелек үстел ағымдағы жылғы 21 маусым сағат 15:00-де Жеңіс алаңы, 5б, 903 каб. мекенжайы бойынша Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) өтеді.

Одан басқа, РӘТ нәтижелерімен алдын ала Басқарманың интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық НҚА порталында танысуға болады, онда олар «on-line» талқылауды өткізу үшін 2019 жылғы 14 маусымнан бастап 2019 жылғы 18 маусымды қоса алғанда орналастырылады