Павлодарлық ЖЭО-лар жылу беру маусымына дайын

2019-2020 жылдардың жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша жөндеу науқанының мониторингі шеңберінде ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.П.Исахов «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-да, «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те болып, жөндеу науқанының орындалу барысымен танысты.

Павлодар ЖЭО-да негізгі жабдықтың 15 бірлігін (10 қазандық және 5 турбина) күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта 8 бірлікте (6 қазандық және 2 турбина) жөндеу жұмыстары аяқталды, 7 бірлікте (4 қазандық және 3 турбина) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар қорытындысы бойынша барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді.