Облыс әкімінің өкімімен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Мұрат Жұмагелдіұлы Әбілқалықов тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Мұрат Жұмагелдіұлы Әбілқалықов тағайындалды.

Басқарма ұжымына жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов таныстырды.

Мұрат Жұмагелдіұлы еңбек жолын 2009 жылғы тамыз айында жастар тәжірибесі бойынша энергетика бөлімінің маманы лауазымынан бастады.

Әр түрлі жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің электр энергетикасын дамыту басқармасының сарапшысы, энергия менеджменті бөлімінің басшысы, басқарманың энергия үнемдеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2015 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қызметте оң нәтижелер мен жоғары жетістіктер тілейміз!