Облыстың алдағы жылу беру маусымына дайындығы жөніндегі кеңес

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбектің төрағалығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.П. Исаховтың, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, аумақтық органдар мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымына дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. М.Ж. Абулкалыков хабарлағандай, энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, жылу беру маусымының басталуына дейін барлық 597 білім беру нысаны, 333 денсаулық сақтау нысаны және 269 мәдениет нысаны, сондай-ақ әлеуметтік саланың 340 автономды қазандықтары дайындалды.

Көмір дайындауға қатысты спикер 2019-2020 жылдарға арналған жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 564,2 мың тоннаны құрайтынын, оның ішінде бюджеттік ұйымдар үшін 136,2 мың тоннаны және тұрғындар үшін 428 мың тоннаны құрайтынын түсіндірді.  Қазіргі уақытта көмір жеткізу бойынша барлық келісім-шарттар жасалды және көмір тасымалдау жүргізілуде.

Облыста көмір тапшылығы байқалмайды, көмір еркін сатылымда бар.

Жалпы алдағы жылу беру маусымын өткізуге дайындық артта қалмай жүргізіліп, басқарманың тұрақты жұмыс бақылауында