Облыста аномалды төмен температуралардың орнығуына байланысты 2018 жылдың 19 және 23 қаңтарында Облыс әкімі Б.Ж. Бақауов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбектің төрағалығында қалалар мен аудандар әкімдері мен энергетикалық пен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен облыстың қуат көздерінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде 2017-2018 жылдардың жылу беру маусымының өтуі туралы кеңес өтті

Облыста аномалды төмен температуралардың орнығуына байланысты 2018 жылдың 19 және 23 қаңтарында Облыс әкімі Б.Ж. Бақауов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбектің төрағалығында қалалар мен аудандар әкімдері мен энергетикалық пен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен облыстың қуат көздерінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде 2017-2018 жылдардың жылу беру маусымының өтуі туралы кеңес өтті.

Аномалды аяз кезеңінде облыстың қалалар мен аудандар әкімдіктерінде жедел шаралар қабылдау үшін жылу беру маусымының өту жайлы штабтар ұйымдастырылды, сонымен қатар ТҮКШ бөлімдерінің, тұрғын инспекциясы мен коммуналдық кәсіпорындарының тәуләк бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Осы күндері, облыстың энергия көздерінде жұмыс кестесі күшейтіліп, станциялар максималды жүктелді. Жылу энергиясының өндірісі толық көлемде қамтылды: температуралық кестеге сәйкес өнеркісіп кісәпорындар үшін – ту күйінде, қала аумағының тұтынушылары үшін – ыстық су күйінде.

Станцияларда пайдалануға және резервтегі даяр нагізгі жабдықтау тұрақты жұмыс жасауда.

Жедел қызметтер тәулік бойы кұшейтілген режимде жұмыс жасауда, «ПТЭК» АҚ оперативті-көшпелі бригадаларының кезекшілік жоспары орнатылды, қажетті жағдайында оперативті сапарға арнайы техника да дайын.