Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпарат

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламалары аясында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау саласында 25 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Осы жобаларды жүзеге асыру шеңберінде 10,6 км су бұру желілерін қайта жаңарту және 4,7 км салу, 16,7 км сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және 2,4 км салу және 4 км жылумен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда.

Одан басқа, облыстық бюджет қаражаты есебінен Майқайың кентінің 0,8 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу бойынша 2 жобаны жүзеге асыру және Павлодар қаласында 180 электрондық есептеуіш (ЭКЕАЖ) орнату жоспарланған.

Халық үшін аса маңызды жобаларды атап өткен жөн, оларды жүзеге асыру басталды.

Павлодар қаласында:

— D 1500 мм канализациялық коллекторды траншеясыз тәсілмен (санациялау тәсілі) қайта жаңарту.

Осы жобаны жүзеге асыру кәріз жүйесін пайдаланудың тиімділігін және су бұру желілерінің тозуын азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екібастұз қаласында:

— 4 орталық жылу пунктін қайта жаңарту.

Осы жобаларды жүзеге асыру тұтынушылардың (16 мың адам) суық және ыстық сумен қажетті мөлшерде және сапада, сондай-ақ апатсыз режимде технологиялық жабдықтың ұзақ уақыт жұмыс істеу уақытын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Ақсу қаласында:

— Ақсу қаласының кәріздік тазарту құрылыстарынан «Ұзынбұлақ» жинақ көліне дейін (Пограничник ауылы ауданында) қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту, оны жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы 8 км желілерді қайта жаңарту жоспарлануда. Соның есебінен қала халқының, шаруашылық және әлеуметтік маңызы бар объектілердің санитарлық-эпидемиялық жағдайы сапалы су бұрумен жақсарады және желілердегі апаттылық төмендейді. Бүгінгі таңда 1,9 км желі қалпына келтірілді.

Сондай-ақ 8 км магистральды су құбыры желілерін қайта жаңарту басталды.

Осы жобаны жүзеге асыру есебінен қалалық жерлердегі санитарлық-эпидемиялық жағдай жақсарады, бұл қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.