Жалпы ақпарат-2016 ж. 7 айы ішінде

Облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы бойынша 2016 жылдың 7 айы ішінде жетекшілік ететін сала туралы ақпарат

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында.

2016 году Энергетика және және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша жалпы сомасы 2934,8 млн.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылуда.

Жобаларды іске асыру шеңберінде 14,84 км желіні қайта жаңарту және салу іс-шаралары орындалатын болады, соның ішінде 1,74 км жылумен жабдықтау, 13,1 км сумен жабдықтау және су бұру желілері.

Жылумен жабдықтау саласында «Өңірлерді дамыту» аймақтық бағдарламасы шеңберінде 1,74 км жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде:

— Ақсу қаласында проект «Павлодар облысы Ақсу қаласының жылу желілерін қайта жаңарту, 2 кезең (НП-1-ден (АЖҚ-2) ТК-1, ТК-80 дейін)», сомасы 573,8 млн.теңгені құрайды, ұзындығы 1,170  км. (РБ-ден 450,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен ортақ қаржыландыру 123,8 млн. теңге).

2016 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 450,0 млн. теңге игерілді немесе кезеңдік жоспардың 100 %.

— Павлодар қаласында «ТК -616/3-тен ТК -616/14 дейін жылу желісін қайта жаңарту» жобасы, жалпы сомасы 58,5 млн. теңге, ұзындығы 445 метр.

Қазіргі уақытта мердігерлік шарт жасалды, қаражатты ағымдағы жылдың тамыз айында игеру жоспарланады.

«2020 жылға дейін жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша«Железинка с. № 4 қазандығын күрделі жөндеу» жобасы іске асырылатын болады, сомасы 56,6 млн. теңге.

Қазіргі уақытта конкурстық процедуралардың қорытындылары шығарылды. Жалпы сомасы 53,279 млн.теңгеге мердігерлік шарттар жасалды, соның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына 52,617 млн. теңге. 2016 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 27,7 млн. теңге игерілді немесе кезеңдік жоспардың 100 %.

Бұдан басқа, қызмет көрсетуші кәсіпорындар «Павлодар жылу желілері» ЖШС пен «Теплосервис-Ақсу» МКК жеке қаражаты есебінен Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 2 480,6 млн.теңге сомасына 38 км желіні қайта жаңарту іс-шаралары жүргізілуде.

Орындалған жұмыс көлемінің қорытындылары бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарда орташа-нақты тозуы 60%-дан астам жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 2,03 км немесе жалпы ұзындықтың 2,2% төмендейді, жоспар бойынша 0,9%.

Электрмен жабдықтау желілері бойынша «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ пен «Горэлектросеть» ЖШС жеке қаражаты есебінен 326,4 млн.теңге сомасына облыстың ұзындығы 1 917,2 км электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалған жұмыс көлемінің қорытындылары бойынша орташа-нақты тозуы 60%-дан астам электрмен жабдықтау желілерінің ұзындығы 2%-ға төмендейді және 7 350 км немесе жалпы ұзындықтың 42% құрайтын болады (жоспар 42%).

Сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша  сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бойынша бюджеттік бағдарламаларды, «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы-Жол» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде 2016 жылы жалпы сомасы 2 319,1 млн.теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылуда (соның республикалық бюджет қаражатынан 2 165,9 млн. теңге және жергілікті бюджеттен ортақ қаржыландыру 153,1 млн. теңге).

Жобаларды іске асыру шеңберінде 13,12 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту мен салу, сонымен қатар канализациялық тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары орындалатын болады.

Соның ішінде:

«Павлодар қаласы  су тазалау имараттарының екінші көтергіш станциясының шаруашылық ауыз суын зарарсыздандырудың бар сұлбаларын жаңғырту» жобасы бойынша,  сомасы 698 111,0 мың теңге (РБ — 536 031,0 мың теңге және ЖБ — 153 081,0 мың теңге;

2016 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 141,9 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 41% игерілді (жоспар 343,5 млн. теңге). Жабдықтар толық жеткізілмеуіне байланысты, 201,6 млн. теңге игерілген жоқ.

«Нұрлы-Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту мен салы бойынша 4 жобаны іске асыруға арнап республикалық бюджеттен 1 629,9 млн. теңге бөлінді.

2 жаңа жоба бойынша,  «Екібастұз қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде канализация коллекторының құрылысы» және «Екібастұз қаласының 1-Оңтүстік-Батыстан 9-Оңтүстік-Батыс өтпе жолдарына дейін 23 шағын ауданда су құбыры желілерінің құрылысы» 218,340 млн. теңге бөлінді. 2016 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 32,8 млн. теңге немесе кезеңдік жоспардың 100 % игерілді.

2 жалғасушы жоба бойынша, «Екібастұз қаласында ТСҚИ-дан бастап ССС-19-ға дейін магистральдық сутартқыны қайта құру», «Екібастұз қаласының бас канализация насос станциясын қайта жаңарту және жаңғырту», 2016 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 1 111,7 млн. теңге сомасындағы қаражат толық көлемде игерілді.

Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың қаражаты есебінен («Павлодар водоканал» ЖШС,  «Горводоканал» МКК және «Ақсу су арнасы» МКК) 2016 жылы 553,7 млн.теңге сомасына 16,0 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылға жоспарланған, орындалған іс-шаралар нәтижесінде, облыс бойынша орташа-нақты тозуы 60%-дан астам желілердің ұзындығы:

— сумен жабдықтау бойынша 1,2 %-ға төмендейді және 514,2 км немесе жалпы ұзындықтың 47,8% құрайды (жоспар 1,2 %);

— су бұру бойынша 0,4 %-ға төмендейді және 279,8 км немесе жалпы ұзындықтың 32,6 % құрайды (жоспар 0,4%).

Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін қайта жаңарту және жаңғырту іс-шараларын орындау қорытындылары бойынша, қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес 84%-ға және су бұру 78 % дейін артатын болады.