Баға алыпсатарлығын және көмірді заңсыз сатуды Болдырмау бойынша іс-шаралар

2019 жылғы 6 желтоқсанда Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Павлодар қаласының әкімдігі, Павлодар қаласының ЖПҚ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің құрамындағы жұмыс тобымен бірлесіп, Павлодар қаласы аумағында көмір сату орындарының мониторингі және стихиялық саудасын жою бойынша кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Жұмыс тобы Малайсары Батыр көшесі бойынша 43-үйдің жанында орналасқан стихиялық сауда орнына барды. Онда белгіленбеген орында көмір саудасын жүзеге асырушы 1 құқық бұзушы анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚРӘҚБК-нің 204-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік хаттама жасалды.

Сондай-ақ Жұмыс тобы Шығыс өндірістік аудан мекен-жайы бойынша орналасқан «Элит КЗ» ЖШС ресми көмір сату орнына барды, онда бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген тұйықта «Майкубен-Вест» маркалы көмірдің құны ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан 1 тоннаға 10 000 теңгеден 9500 теңгеге дейін төмендеді.

Павлодар қаласы аумағында стихиялық сауданы жою және тұрғындарға сапалы көмірді сатуды сақтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.

Көмір бағасын ұстап тұру және тұрғындарды қажетті көмір көлемімен қамтамасыз ету мақсатында жылу беру кезеңінде облыстың энергетика және ТҮКШ басқармасы дайындау-тарату пункттеріндегі көмірдің бар-жоқтығының күнделікті мониторингін жүргізуде.

Облыс қалалары мен аудандарының отын базаларында бүгінгі күні тұрғындар үшін шамамен 14 мың тонна көмір бар. Облыста көмір тапшылығы байқалмайды, көмір еркін сатылымда бар.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

05.12.2019 жылға дайындау-бөлу пункттеріндегі халық үшін көмірдің құны мен қоры бойынша ақпарат

Қалалар және аудандар атауы Көмір тасымалдаушылардың атауы Көмір маркасы 1 тонна үшін баға, теңге Қоймалардағы көмір қоры
Павлодар қ. «А-Вест Павлодар» ЖШС тел. 37-17-96 «Майкубен-Вест» ЖШС сорттық 12000 797
«Майкубен-Вест» ЖШС тұтыну 10 000 1300
«Шұбаркөл көмір» АҚ 15 500 276
«Элит КЗ» ЖШС тел. 65-92-52 «Майкубен-Вест» ЖШС сорттық 12 000 100
«Майкубен-Вест» ЖШС тұтыну 9 500 3200
«Қаражыра ЛТД» ЖШС тұтыну 12 000 10
«Шұбаркөл көмір» АҚ тұтыну 14 500 350
«Северэнергоугольснаб» ЖШС тел. 87010543591 «Қаражыра ЛТД» ЖШС сорттық 12 500 200
«Қаражыра ЛТД» ЖШС тұтыну 11 000 430
«Қаражыра ЛТД» ЖШС FGX (30% тұқым) 8 500 690
«Qaz Coal Trade» ЖШС тел. 87779399979, 87779399929 «Қаражыра ЛТД» ЖШС тұтыну 11 000 800