Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпараттарына сәйкес, облыс елді мекендері абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық ұстау жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы әр түрлі деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен 13 606,9 млн.теңге бөлінді

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпараттарына сәйкес, облыс елді мекендері абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық ұстау жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы әр түрлі деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен 13 606,9 млн.теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат шеңберінде 238 балалардың ойын алаңын жөндеу және орнату, 2 021 шағын сәулет нысандарын орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілді, 60 спорт алаңшасы орналастырылды, 70,6 км жол күрделі және ағымдағы жөнделді, 331 мың м2 ағымдағы (шұнқырлы) жөндеу және 1227 км жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді, 179 аула ішіндегі аумақтар абаттандырылды, 45 244 п.м.көше қоршауы орнатылды және жөнделді, 485 қоғамдық көлік аялдамасы орнатылды және жөнделді, 55,0 км көше жарықтандыру желісі қалпына келтірілді, 7 338 шам орнатылды және жөнделді.

Сонымен қатар 20 бақ пен саябақ абаттандырылды және 263 күту жұмыстары орындалды, 60 435 ағаш отырғызылды, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 51 799 ағаш. 60 141 м2 гүлбағы және 21 383 м2 гүлзар орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Санитарлық жағдайды қолдау үшін елді мекендердің аумақтарын жинау жұмыстары орындалды, рұқсат етілмеген 208 қоқыс тастайтын жерлер жойылды.