«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ 75-жылдық мерейтойымен құттықтау

2017 жылғы 22 желтоқсанда «Достық» концерт залында Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Бейбітұлы Иманзаипов «Трест Средазэнергомонтаж» қызметкерлерін 75-жылдық мерейтойымен құттықтады, сонымен қатар облыс әкімінің атынан компания қызметкерлеріне құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ тресі жылу энергетика жабдықтарын салу, монтаждау, қайта жаңарту және жөндеу бойынша жетекші ұйым болып табылады, өнімді іске асыру көлемі бойынша Қазақстан Республикасының 100 аса ірі компанияларының қатарына кіреді.

«Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС қызметкерлері «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3-те турбоагрегаттар, бу және су жылыту қазандарын пайдалануға енгізді, сонымен қатар Павлодар қаласында хлор-сілті өндірумен айналысатын «Каустик» АҚ зауытының құрылысына қатысты.

Қазіргі уақытта Компания Қазақстанның өңірлерінде жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарламаларды іске асыруға қатысып отыр.