Кәсіби мереке – энергетика күнімен құттықтаймын

Кәсіби мереке – энергетика күнімен құттықтаймын.

Энергетика Қазақстан экономикасының барлық салаларының тіршілікке икемділігіне әсер ететін, негізгі, стратегиялық маңызы зор тізбегі болып табылады. Жоғары қарқынмен техникалық қайта жарақтау, энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігі – бұл отандық өнеркәсіптің бұдан әрі дамуына кепіл болады.

Энергетиктердің еңбегі қашан да болсын қажетті және сұранысқа ие, құрметті және мәртебелі еңбек.

Бүгін Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, құзыреттіліктеріңіз, тәжірибелеріңіз еліміздің индустриялық әлеуетін нығайтуға, оның азаматтарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауға мол әсерін тигізеді.

Сіздерге зор өндірістік табыс, жаңа жетістіктерге жете беруге, шешім қабылдаудағы даналықтарыңыздың артуына, денсаулық, әл-ауқат және отбасы бақытын шын жүректен тілеймін!

 

 

                                           Павлодар облысының энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының басшысы

                                                                           Иманзаипов Ержан Бейбітұлы