Ел жүрегі – Астана

Астананың 20-жылдығына арналған іс-шаралар

2018 жыл бойы өткізілетін болады

2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20-жылдығын тойлаудың «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Концепциясы бекітілді.

Осы құжатқа сәйкес, астананың 20-жылдық мерейтойы үш кезеңнен тұратын болады: дайындық – 2017 жылғы 20 желтоқсанға дейін, негізгі – 2017 жылғы 10 желтоқсаннан 2018 жылғы 6 шілдеге дейін және мерекеден кейінгі – 2018 жылғы 6 шілдеден 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Мұнда, 2018 жыл мерейтойлық болып табылатынын ескере отырып, жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік жыл бойында өткізілетін болады.

Атап айтқанда, Астананың ғаламдық әлемдегі рөлін ашатын тақырыптық дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, симпозиумдер мен семинарлар, республикалық және халықаралық іс-шаралар, еліміздің әр түрлі жас санаттарындағы халқына арналған концерттерді, фестивальдар мен көрмелерді, спорт жарыстары мен сауықтыру іс-шараларын қоса мәдени-жаппай іс-шаралар өткізу жоспарланады. Жастар флешмобтарына, «оупен-эйр» форматындағы іс-шараларға, кітапханалар мен мұражайларда тақырыптық экспозицияларға және тағы басқа іс-шараларға қолдау көрсетілетін болады.

Солардың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде Астанада өткен ЭКСПО-2017 қорытындыларының тақырыбына және өткізу перспективасына қатысты имидждік іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланады. Сонымен қатар Астананы көріктендіру және қажетті инфрақұрылым құру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және жаңарту, еліміздің барлық өңірлерінде жаңа парктер мен аллеялар ашу жұмыстары жүргізілетін болады. Астананың және елдің өзге елді мекендерінің алаңдары мен көшелері сыртқы мерекелік ресімделетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 жарлығына сәйкес, 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы – қазіргі Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының презентациясы 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана күні – 6 шілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. 2018 жылы Астана қаласының астана мәртебесін алуына 20 жыл орындалады. Соңғы 20 жыл ішінде қала халқы 3,5 есеге артты және 1 млн.адам құрайды. Мұнда, осы кезең ішінде астананың аумағы 258 ш.м.-ден 800 ш.м.-ге дейін кеңейді.

Астананың құрылысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптаса бастау тарихы мен жаңа астананың құрылысын алғаш ұсынған және осы идеяны іске асырған Қзаақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен айырғысыз, біртұтас болып табылады. Ел Президетінің Астананы дамыту туралы тұрақты назары мен қамқорлығы оның қарқынды дамып отырған мегаполиске, Еуразияның заманауи және бәсекеге қабілетті қаласына айналуын қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта Астана Қазақстанның қалыптасқан әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және саяси орталығы болып табылады. Қазақстанның астанасы тіуелсіздік жылдары ішінде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін бейнелейді, елдің өсіп отырған қуатын және оның бұдан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді. Бүгінгі таңда астана – Қазақстандағы барлық оң қадамдар мен өзгерістердің флагманы. Астана дамуға импульс береді, республика өңірлерінің барлығына тартылым орталығы болып табылады.