«Жер-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

Ағымдағы жылы 12-13 қазанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғанов  басшылық еткен облыс төтенше жағдайлар департаменті және азаматтық қорғау қызметтерінің жедел тобы қатысқан жойқын жер сілкінісі салдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Облыс жедел тобының  оқу-жаттығу барысында келесі:

-«Апат-999» 2017 жылғы 12 қазанда сағат 08:30-да 12-13 қазан мерзімінде болуы болжамдалған қатты жер сілкінісіне дайындалу туралы;

— «Дауыл-111» 2017 жылғы 12 қазанда сағат 09:00-де қуаты 7-8 балл болған жойқын жер сілкінісі және зақымданған объектілерде қалпына келтіру жұмыстарын енгізу үшін күш және құралдарды есетеуді дайындау туралы  сигналдар жаттықтырылды.

Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша Павлодар облысының энергетика қызметі жойқын жер сілкінісі салдарына жол бермеу бойынша өз машықтарын өзектендірді.

Материалдарды дайындау және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуді жоспарлауға ат салысқан Павлодар және Жамбыл әріптестеріміз:

  1. «ПРЭК» АҚ бас директоры Бодрухин Федор Фролович;
  2. «ПРЭК» АҚ-ның ТЖ және АҚ маманы Ермолаев Игорь Васильевич;
  3. Жамбыл облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Қасымов Муслим Жеңісұлына;
  4. Меркен ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арғымбаев Кайрат Рахымбайұлына;
  5. Меркен РЭС бастығы  Кемелбаев Қайрат Тоқтағұлұлына;
  6. Меркен РЭС бас инженері Горохов Геннадий Леонидович;
  7. Жамбыл облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының электрэнергетикасы және энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы Ережепов Нұржан Рысбекұлына зор алғысымызды білдіреміз.