ПРЕСС-РЕЛИЗ «Горэлектросеть» ЖШС және «PROLUX LED» ЖШС құрамында Консорциум Павлодар облысы Екібастұз қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көше жарықтандыру желілерін жаңғырту және пайдалану бойынша жобаны іске асыруға кірісті.

Қазақстанның Екібастұз қаласында тұңғыш рет барлық қаланы қамтитын көше жарықтандыру желілерін жаңғыртудың бірегей және техникалық күрделі жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы  арқылы сынапты және натрий шам-шырақтарын жарық диодтыға, оқшауланбаған сым өткізгішті өздігінен көтергіш оқшауланған сым өткізгішке ауыстыру (ӨКОС), сыртқы жарықтандыруды басқару автоматтандырылған жүйесін енгізу (СЖБАЖ), және жаңғыртуды аяқтағаннан кейін 7 жыл бойы қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалануды енгізу көзделді.

«Горэлектросеть» ЖШС Екібастұз компаниясы Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту және пайдалану бойынша жобаны жүзеге асыру туралы жеке бастамасымен шықты, жоба Тұжырымдамасын дайындады және барлық жобалық құжаттаманы дайындауға қатысып, белсенділік танытты.

«Горэлектросеть» ЖШС 10 жылдан аса Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту және салу жобасын, сондай-ақ қала және ауылдық аймағын сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану және ұстауды табысты жүзеге асыруда.

Сенімді және тұрақты компанияның абыройы, жинақталған тәжірибесі, жоғары білікті өндірістік персоналдар және қажетті техникалық ресурстар  жобаның табысты іске асатынына күмәндануға мүмкіндік бермейді.

Соңғы 5 жылда жарық диодты жарықтандыру жүйесінің тұңғыш қазақстандық өндірушісі — «PROLUX LED» ЖШС.  «PROLUX LED» ЖШС қарағандылық компаниясы — жайдан-жай жобаның қатысушысы болып алға шыққан жоқ.  Жоғары технологиялық жарықтандыру аспаптарын сату және өндіру көпжылдық тәжірибесіне байланысты компания NICHIA жапон компаниясы инженерлерімен бірлесіп бір ватта 163 люменге дейін энергия үнемдеу жарық диодымен бірегей шам-шырақтар сериясын әзірледі.

Компанияның жарық диодты шам-шырақтарын өндірісі- Қазақстан нарығында осыған ұқсас өнім табылмайтын ProLED сауда маркалы ең энергия үнемдейтін жарық диодты жарықтандыру аспаптарын шығару үшін қазіргі заманға сай жабдықтардың жаңа желісі.

Бүгінгі күні компанияның шам-шырақтары Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Балқаш, Жезқазған, Сатпаев, Приозёрск, Екібастұз, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Атырау және өзге де қалаларды жарықтандыру үшін орнатылды.

Сондай-ақ компания клиенттері елдің «НК «КТЖ» АҚ, «Тенгизшевройл» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ сияқты және өзге де  ірі кәсіпорындары болды.

Қазақстанда алғаш рет МЖӘ шарты тарапынан «Горэлектросеть» ЖШС және «PROLUX LED» ЖШС өтінімін жедел түрде қараған «Қазақстан Халық банкі» АҚ қаржылық компаниясы шықты және де Екібастұз қаласы үшін маңызды болып табылатын көше жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдады.

Жобаны іске асыруға «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның алдында міндеттілігі бойынша «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры да Консорциум қатысушысының гаранты болып қатысты.

«Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ жоба құжаттамасын дайындау барысында қажетті консультациялық көмек және қолдау көрсетті.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәні бұл мемлекеттің және жеке сектордың, оның салаларда ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалану жолымен тәуекелдерді, пайдаларды және жұмсалатын шығындарды баланстандырылған тарату жағдайында дәстүрлі түрде мемлекеттің жауапкершілік салаларына жататын өзара пайдалы ынтымақтастығына келіп түйіседі.

Консорциум қатысушылары жекеменшік және қарыз алу есебінен МЖӘ объектісін жаңғырту және пайдалануды жүзеге асырады, ал мемлекет МЖӘ пайдалануға енгізгеннен кейін 7 жыл бойы жеке әріптестердің жұмсалатын шығындарының өтемақысы бойынша міндеттемелерді өздеріне алады.

Жобаны іске асырудың мақсаты қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, энергия үнемдеулігін өсіру, қаланың сыртқы жарықтандыруды ұстауға пайдалану шығындарын төмендету, жол қозғалысының қауіпсіздігін жақсарту болып табылады.

Аталған көрсетілетін қызмет индикаторлары сыртқы жарықтандыру мұқтаждығына электр энергиясын тұтынуды                  50% аса төмендету есебінен қол жеткізіледі, бұл жарық диодты шам-шырақтарды қолдануды, сым өткізгіш өнім жүйесін(ӨКОС), (СЖБАЖ) енгізуді қамтамасыз етеді.

Бақылау пунктінің көпдеңгейлі жүйесі жедел мониторинг жасауды, жан-жақты диагностика жүргізуді және жарықтандыру аспаптарының жұмыс режимін қашықтықтан бағдарламалауды қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру кезінде еңбек ресурстарын қолдануда да жеткізушілердің материалдарды және жабдықтарды таңдауда да қазақстандық ұстау 100% қамтамасыз етіледі.