Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

     басшысының 2016 жылғы     «_____»____________№__________
                                                                 бұйрығымен бекітілді

 

Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

      СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері Агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы                   № 12 бұйрығы негізінде және «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Бұдан әрі-Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуына жол бермеу және сол Басқарманың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көрініс табьуына нөлдік төзімділік тудыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Вице-министр бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеудің мақсаты Басқарманың тіршілік әрекеті саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

1)Басқарма қызметінің оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тұрақты сыбайлас жемқорлық тәртібін қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көрініс табуын уақытылы айқындау және олардың кері салдарының алдын-алу.

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қағидаттары:

  • заңдылық;
  • әдептілік;

3) ашықтық;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және олардың заңдық мүдделелерін сақтау және сыбайлас жемқорлық көрініс табуынан қорғау;

5) мүдде шиеленістеріне жол бермеу.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:

«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

  1. 2. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тәртіп (іс-қимылы) Ережелері:

         1.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалған салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңдық мүдделерін іске асыру кезінде:

Азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндігін және заңдық мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, оларға қажетті шараларды  қолдану;

— заңнамамен көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, қызметті орындау барысында әрқилы бос әбігерліктен (төрешілдікке)  аулақ болу;

         —басқарманың қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда көп кешіктірмей жазбаша түрде

уәкілетті органға хабарлау;

— басқарманың міндеттері мен функцияларын орындаудың сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қолдану;

— жеке және заңды тұлғалардың құқықтық және заңдық мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;

— жеке басына қатысты сұрақтарды шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің  қызметіне ықпал ету үшін қызмет жағдайын  пайдаланбау;

-қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

         -мүдделер қақтығысын болғызбауды, ал олардың туындауы кезінде заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шешімдер қабылдау;

-шешім шығаруды көздейтін бақылау іс-шараларын және өзге де іс-қимылдарды жүргізу кезінде сұрақтарды әділетті қарау, шешімді тек қана заңнамаға сәйкес қабылдау;

— мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешім қабылдау кезінде

өзіңнің заңдық міндеттеріңді орындаумен байланысты ешқандай материалдық ізгі істерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге де ерекше жеңілдіктерді қабылдамау;

— өкілеттілікті өзінің құзыреттілік құқығы аясында және лауазымдық міндеттерге сәйкес орындауды жүзеге асыру.

3.3 нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:

— нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде ҚР 2016 жылғы                          6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» Заң нормаларын қатал ұстану;

-егер де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын болса, онда оларды алдын-ала қоғамдық талқылаусыз қабылдаудан және әзірлеуден аулақ болу;

-нормативтік құқықтық актілерді өз жеке басыңа және үшінші тұлғаға пайда табу мақсатында қабылдауға жол бермеу;

-құқықтық актілер белгісіз тұлғалар шеңберіне немесе жеке белгілі тұлғаларға бағытталуы тиіс;

3.4. тіршілік әрекеті саласындағы өзгешеліктерге ба   йланысты туындайтын өзара қарым-қатынастарда:

-мемлекет мүдделеріне зиянын тигізетін, мемлекеттік органдардың қызмет атқару тиімділігін төмендететін және кедергі келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұру;

заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген

айып және де өзге құқықбұзушылықтар жасауға жол бермеу;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін  сақтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық фактілері қақтығысы кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті:

Егер де мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы ақпаратты білетін болса, онда ол құқықбұзушылықтардың алдын-алу және жою бойынша қажетті шараларды қабылдауы, соның ішінде жазбаша түрде дереу жоғарыда тұрған басшыны, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдар ды ақпараттандыруы  тиіс.

Мемлекеттік қызметші сонымен қатар, жазбаша түрде дереу көрсетілген тұлғаларды және өзге тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға себеп болғандығы жөнінде органдарды және көрсетілген тұлғаларды ақпараттандыруы тиіс.