«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға өткізілген жалпы конкурстың қорытындылары

Басқармада келесі жалпы конкурстар өткізілді:

1) коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, төменгі уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға

Конкурсқа екі кандидат қатысты.

Өткізілген жалпы конкурс қорытындылары бойынша, конкурстық комиссияның шешімімен коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Гүлнар Болатқызы Аубакированы ұсыну туралы шешім қабылданды;

2) энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, төменгі уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға

Конкурсқа бір кандидат қатысты.

Өткізілген жалпы конкурс қорытындылары бойынша, конкурстық комиссияның шешімімен энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Арғын Бауыржанұлы Кайдарды ұсыну туралы шешім қабылданды;

3) газбен, жылумен жабдықтау объектілерінің және көтергіш құрылғылардың қауіпсіз пайдалануына бақылау жасау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, төменгі уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға

Конкурсқа бір кандидат қатысты.

Өткізілген жалпы конкурс қорытындылары бойынша, конкурстық комиссияның шешімімен газбен, жылумен жабдықтау объектілерінің және көтергіш құрылғылардың қауіпсіз пайдалануына бақылау жасау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты бойынша, уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Қуаныш Жанайдарұлы Манаповты ұсыну туралы шешім қабылданды.