«2017-2018 жылдардың жаңа жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» баспа парақ

2017-2018 жылдардың жылу беру маусымына дайындық шеңберінде қалалар мен аудандар әкімдері облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің жаңа жылу беру маусымына дайындығы бойынша іс-шаралар жоспарларын бекітті және жұмыс топтарын құрды.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыс энергетика және ТҮКШ басқармасы облыстың қалалары мен аудандарына шығып, жылу беру маусымының алдында ТҮКШ, әлеуметтік сала объектілерінің жаңа жылу беру маусымына дайындық барысын тексеруді жүзеге асырады.

Бекітілген кестеге сәйкес облыстың электр станцияларында 7 бірлікте жөндеу жұмыстары аяқталды, 18 бірлікте жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша, 1020,81 км электрмен жабдықтау желісі және 304 бірлік жабдық, 11,2 км жылумен жабдықтау, 10,1 км сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді, 713 көп пәтерлі тұрғын үй дайындалды.

Әлеуметтік сала объектілерінің қазандықтарында 4 қазандық күрделі жөндеуден өтті және қайта жаңартылды, 2 модульдік қазандық орнатылды, 29 қазан ауыстырылды және 2 қазан сатып алынды. Әлеуметтік сала объектілеріне арнап 138 280,5 тонна көмір көлемінде қатты отын сатып алуға конкурстар өткізілді.

Жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кестелерге сәйкес жүргізілуде.