«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы АҚПАРАТ

№ 50 ҚАДАМ. «БІРІҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. ЭЛЕКТР  ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ҚАЙТА ҚҰРУ. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Электр энергетикасы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 394-V ҚРЗ (Бұдан әрі-Заң) қабылданды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен келесі нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.

  1. Жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 12562 тіркелген)
  2. Ұлттық оператордың жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы                                    3 желтоқсандағы № 689 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12519 тіркелген)
  3. Құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған электр өндіруші ұйымдарының бірыңғай сатып алушымен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін анықтау Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 12510 тіркелген).
  4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестациялау Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы  24 желтоқсандағы                        № 12475 тіркелген).
  5. Электр қуаты және энергиясының болжамды теңгерімін әзірлемесін Қағидалары бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 12475 тіркелген).
  6. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны интернет-ресурста орналастыруы және есеп айыру Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы  23 желтоқсандағы № 1247 тіркелген).
  7. Электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі Үлгілік шартты бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде                     2015 жылғы  28 желтоқсандағы  № 12560 тіркелген).
  8. Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі Үлгілік шартты бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12522 тіркелген).
  9. Нарық кеңесінің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12524 тіркелген).

Осының барлығы өңірлер арасында электр энергиясының тарифтеріндегі айырмашылықты реттеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, электр энергиясы нарығында тікелей екі жақты шарттар, орталықтандырылған сауда шарттары жасалады, қуаттылық нарығына энергия өндіруші ұйымдардан қуат сатып алатын Бірыңғай сатып алушы енгізіледі.

Бірыңғай сатып алушының электр қуатын сатып алуы келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

1) Жаңа энергия өндіруші ұйымдардан тікелей ұзақ мерзімді шарттары, тендер нәтижелері бойынша электр қуатын сатып алу. Құрылыс салуға тендер болжамды тапшылықты жабу мақсатында Энергтеика министрілігімен жүргізіледі. Тендер жеңімпазымен қуат сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарт жасалады. Осы механизм электр станцияларының құрылысына салынған инвестицияларды қайтару кепілдігін қамтамасыз етеді, өйткені бұл станцияда қуат саудадан тыс  басымдылық тәртібінде сатып алынады;

2) Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардан қуат көзін сатып алу жыл сайын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсеке қамтамасыз етілетін орталықтандырылған саудаларда жүзеге асырылады;

3) Заңда жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардан саудадан тыс ұзақ мерзімді шарт бойынша электр қуатын сатып алудың қосымша механизмі көзделген. Электр қуатын сатып алудың осы түрі жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңартуға  салынған инвестицияларды қайтару ұзақ мерзімді кепілдікті қамтамасыз ету қажеттілігімен негізделген. Осы аталған шарттарды жасау бойынша қабылданған шешімдердің айқындылығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын қарастыратын нарық және сараптама мүдделі қатысушылары кіретін  Нарық кеңесін, коммерциялық емес ұйымдарды енгізу жоспарлануда.

№ 51 ҚАДАМ.    ӨҢІРЛІК ЖЕЛІЛІК КОМПАНИЯЛАРДЫ ІРІЛЕНДІРУ (ӨЭЖК)

  1. Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалық қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның 2015 жылғы 10 қарашадағы 380-ші отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының концепциясын әзірледі. (Бұдан әрі-Заң Жобасы). Аталған концепция жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың нормаларын көздейді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі таңда жұмыс тобымен Заң жобасын әзірлеу жүргізілуде.

Облыс энергетика және ТҮКШ басқармасы облыстың 6 іс жүзіндегі энергия беру ұйымдарына талдау жүргізді, энергия беру ұйымдарын ірілендіру кезінде 3-уін қалдыру жөнінде ұсыныс енгізілуде. («ПРЭК» АҚ,  «Горэлектросеть» ЖШС, «Энергоуправление» ЖШС).

 

№ 52 ҚАДАМ. ИнЕСТИЦИЯЛАРДЫ САЛАҒА ҚАРАЙ ЫНТАЛАНДЫРУ ҮШІН ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАҒА ЖАҢА ТАРИФТІК САЯСАТТЫ ЕНГІЗУ. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Электр энергетикасы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 394-V ҚРЗ қабылданды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрнің бұйрығымен келесі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  1. Жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 12562 тіркелген)
  2. Ұлттық оператордың жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы                                    3 желтоқсандағы № 689 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12519 тіркелген)
  3. Құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған электр өндіруші ұйымдарының бірыңғай сатып алушымен жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін анықтау Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы                    28 желтоқсандағы № 12510 тіркелген).
  4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестациялау Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы  24 желтоқсандағы                        № 12475 тіркелген).
  5. Электр қуаты және энергиясының болжамды теңгерімін әзірлемесін Қағидалары бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 12475 тіркелген).
  6. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны интернет-ресурста орналастыруы және есеп айыру Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы  23 желтоқсандағы № 1247 тіркелген).
  7. Электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі Үлгілік шартты бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде                     2015 жылғы  23 желтоқсандағы  № 12560 тіркелген).
  8. Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу жөніндегі Үлгілік шартты бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12522 тіркелген).
  9. Нарық кеңесінің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12524 тіркелген).

Осының барлығы тариф құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2012 жылы 2019 жылғы қаңтардан бастап электр энергиясы нарығымен қатар шекті тарифтер бағдарламасының аяқталуынан кейін электр энергетикасы саласын инвестициялық қызықтыруды қамтамасыз етуге бағытталатын  электр қуатын енгізуді реглменттейтін Заң қабылданды.

Электр энергиясының қолданыстағы тарифі екі бөлікке бөлінеді:

1) Электр энергиясының тарифі-электр энергиясын өндіру шығындарының орнын толтыруды қамтамасыз ететін ауыспалы бөлігі;

2)  қуат тарифі- жаңа құрылысқа іс жүзіндегі энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңартуға  салынған инвестицияларды қайтару салынған инвестициялардың қайтарылымын қамтамасыз ететін тұрақты бөлігі.

 

№59  ҚАДАМ. Энергиясервисдік шарттардың халықаралық таныған механизмі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту.

Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылғы 17 қарашада                        № 407-V «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңды іске асыру үшін Министрлік энергия үнемдеу саласында                          13 нормативтік-құқықтық акт әзірледі және бекітті.

«Казпочта» АҚ  және «Led System Media». ERG ЖШС арасында энергия сервистік шартқа қол қойылды. сондай-ақ, жарықтандыру бойынша кезекте                   4 энергия сервистік шарт, Тауэр Транспорт ғимараты бойынша шарт жасасу тұр.

«Электр энергетикасы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ (Бұдан әрі-Институт) энергия үнемдеу картасына қосу үшін 63 өтінімді пысықтауда.

Таяу уақытта Институтпен еуропалық ЭСКО (dena) стратегиялық әріптестерімен тарту жөнінде шартқа қол қою жоспарлануда.

БҰҰДБ меморандумға қол қойылды,  USAID қол қою жоспарлануда.

Қазіргі таңда энергия сервистік компаниялардың реестрін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Стратегиялық инвесторлармен («Энергоинвест» АҚ, «ФЕНИЧЕ РУС» ООО) келіссөздер жүргізілуде.

Министрдің ағымдағы жылғы 21 қазандағы  № 999 бұйрығымен энергия үнемдеу Қорының концепциясын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды, онда барлық негізгі мүдделі тараптар (Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, «НУХ «Байтерек» АҚ) кірді.