«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру (төменгі лауазым)

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру (төменгі лауазым)

 

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4*** санаты үшін: жоғарыбілімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар №85 бұйрығына сәйкес.

Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
  min max

D-О-4***

83 282,08 112 430,81

*** Ескерту: «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ штат кестесінде D-О-4*** санаты төменгі лауазым болып табылады.
 «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі 32, каб 122, анықтама үшін тел. 8(7182)32-99-92, факс 8(7182)32-96-95, электрондық почта: kense.uekh@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына жалпы конкурс жариялайды:       

  1. Газбен, жылумен жабдықтау объектілері мен көтергіш құрылғылардың қауіпсіз пайдалануына бақылау жасау бөлімінің бас маманы (санаты D-О-4***) лауазым индексі №7-2.

         Функционалдық міндеттемелері: Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларының, кіріс құжаттардың, басшылықтың өкімдерінің, бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытында орындалуын қамтамасыз етеді; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының газбен-жылумен жабдықтау объектілері мен көтергіш құрылғылардың қауіпсіз пайдалануы мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу туралы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының газбен-жылумен жабдықтау объектілері мен көтергіш құрылғылардың қауіпсіз пайдалану деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілетін тексерулерді ұйымдастырады және қатысады; тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануына қойылатын талаптарды сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 градус Цельсийден астап су жылыту температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғыларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі жүк көтеру механизмдерін, эскалаторларды, арқан жолдарын, фуникулерлерді, лифттерді есепке қою және есептен алуды ұйымдастырады; құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылым және технологиялар саласында білімі жоғары

Құзіреттер бойынша қойылатын талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ кадр және ұйымдастыру-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы (санаты D-О-4***) лауазым индексі № 8-1 (2018 жылғы 18 тамызға дейін бала күту демалысы кезеңіне)

Функционалдық міндеттемелері: Басқарманың жеке құрамына есеп жүргізуді жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерінің жеке істерін жүргізеді. Басқарма басшысының бұйрықтарын ресімдейді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Бос лауазымға конкурстар дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілерді аттестацияға дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған органдарға есептер мен ақпараттарды уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқармада қызметтік этика ережесі мен ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Жоғары: техникалық ғылым және технологиялар саласында; құқық саласында: заңтану

Құзіреттер бойынша қойылатын талаптар:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 суретімен толтырылған анкета;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
  5. денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген);
  6. жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматының құжатының көшірмесі;
  7. заңнаманы білуіне тестілеуден өтуі туралы сертификат, құжат тапсыру кезінде әрекет ететін, шекті мәннен төмен емес нәтижелерімен (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  8. уәкілетті органда жеке бас сапасын бағалаудан өткені туралы қорытынды, конкурсқа қатысуға құжат тапсыру кезінде әрекет ететін (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі. Мұнда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен      тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған болса және егер конкурс жарияланған бос лауазым бойынша еңбек өтілі қажет етілмейтін болса, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет етілмейді. Азаматтар біліміне, еңбек тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және абыройына қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге мәліметтер).

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде құжаттарды Басқармаға қолма-қол, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаға электронды түрде немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы ұсына алады.

Құжаттарды мемлекеттік органның электрондық почтасына немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталынемесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырадыарқылы электронды түрде ұсыну кезінде, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталардан бір жұмыс күнінен кешіктірілмейұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда, конкурстық комиссия тұлғаларды әңгімелесуге қатысуына жол бермейді.

Құжаттар пакетінің толық болмауы  оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға  орналасуға  арналған тест өткізу бағдарламасы:

 D-O-4 санатына арналған:  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;  Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары D-O-4 санатына арналған келесіні қамтиды:        бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін отырысқа қадағалаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссияның отырысына қадағалаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурстық комиссияның отырысына қадағалаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесу жүргізу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен қалдырмай персоналды басқару органында (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады.

Тұлғамен, тиісті мемлекеттік органның басшысымен (жауапты хатшымен) келісім бойынша, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылардың қатысуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгілемесуге қатысатын үміткерлер оны «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де үміткерлерге әңгімелесуге қатысу туралы хабарланғаннан кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.