«Ақсу қаласында көше жарықтандыруды жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды қолданбай жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

2017 жылғы 17 ақпанда Павлодар облысының әкімдігі, «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ тұлғасында, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, «Ақсу қаласында көше жарықтандыруды жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды қолданбай жеңілдетілген конкурстық процедураларды пайдаланумен жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.

Әлеуетті қатысушыларға қатысу және конкурс ұйымдастырушысына ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, сағат 9-00-ден 13-00 дейін және 14-30-дан 18-30 дейін, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 123 бөлме мекенжайы бойынша алуға болады.

Әлеуетті қатысушылар конверттерге салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сонымен қатар біліктілік іріктеу үшін құжаттарды Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 123 бөлме мекенжайы бойынша «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ-іне қолма-қол ұсынады.

Әлеуетті жеке әріптестің қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2017 жылғы 9 наурызды қоса сағат 13.00 дейін.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 15 наурызда сағат 13.00 дейін. Конкурстық өтінімдерімен конверттерді ашу 2017 жылғы 15 наурызда, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады.

Анықтамалық ақпаратты «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ-інен 8 (7182) 322220 телефоны, kense.uekh@pavlodar.gov.kz эл.мекенжайы бойынша, «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-інен 8 (7182) 321430 телефоны бойынша алуға болады.