2017 жылғы 10 ақпанда

2017 жылғы 10 ақпанда Достық үйінде облыс энергетика және ТҮКШ басқармасы, «ҚР Инновациялық даму министрлігінің электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдерінің қатысуымен, 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспар бойынша мәжіліс өткізді.

Мәжіліске облыс басқармаларының, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте «ҚР ИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ СиОД Орталығының директоры Е.А.Бокаевтың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда институттың ролі, МЭТ қалыптастыру және жүргізу туралы ақпараты, «ҚР ИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Сараптама, басқару және мониторинг жобалары орталығының директоры А.А.Кабыкеновтың Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, ЭСКО механизміне түсініктеме беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы ақпараты және АИС ГЭС жоба менеджері А.Атентайдың «АИС ГЭС» автоматтандырылған жүйесі туралы ақпараты тыңдалды.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру қазіргі уақытта басым міндет болып табылады, осы міндеттің шешілуі бірқатар: энергетика, экологиялық және экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, соның ішінде ТҮКШ және көлік секторы саласында.

Бүгінгі күні Павлодар облысында 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу кешендік жоспары іске асырылды, қазіргі уақытта 2015-2017 жылдарға арналған энергия үнемдеу кешендік жоспары іске асырылуда, мұнда 175,4 млрд.теңге сомасына 237 іс-шарадан тұратын 9 негізгі бағыт көзделеді.

Энергия тиімділігін арттыру мақсатында облыс кәсіпорындары Кешендік жоспарға сәйкес 2016 жылдың қорытындылары бойынша 133 іс-шараны іске асырды, бұл 20 мыңнан астам ш.о.т.үнемдеуге мүмкіндік берді  (34,5 млн. кВт.сағ. электр энергиясы және 17,5 мың  Гкал жылу  энергиясы, экономикалық әсер 576,2 млн.теңге құрады).

Сонымен қатар, ресурс үнемдеу әлеуетін анықтау мақсатында, энергия ресурстарының ірі тұтынушылары энергоаудиттер өткізуде. Бүгінгі күні Мемлекеттік энергетика тізіліміне енгізілген 20 кәсіпорында энергоаудит аяқталды. Он төрт кәсіпорын ИСО 50001 халықаралық энергоменеджмент стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттық аудит өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалауға жүргізілген жұмыс нәтижесінде Павлодар облысы бірінші орынға ие ((2012ж., 2013ж., 2014ж., 2015ж.).

Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде ПРООН, USAID-пен ынтымақтастық жасалады, бірлескен жобалар іске асырылады (ПРООН-мен энергия тиімді жарықтандыру және «Көміртегі төмен дамыту үшін тұрақты қалалар» жобалары, USAID-пен «Бюджеттік сектор объектілеріндегі энергоменеджмент және энергомониторинг жүйесі» жобасы). Энергия үнемдеу саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аймақтық жобалары іске асырылуда («Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында көше жарықтандыруды жаңғырту»).

Қыздыру шамдарын пайдалануға тыйым салынуына байланысты, энергиялық тиімді жарықтандыруға көшу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс қалалары мен аудандарында көше жарықтандыратын 32,4 мың шам нүктелерінің ішінде энергия үнемдеу шамдарының үлесі 24 % құрайды.

Бүгінгі үкүні жалпы сомасы 2 млрд.теңгеге үш мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда.

Бұл ескі шамдарды қазіргі заманға сай жарық диодты шамдарға ауыстыру және көше жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесін (Smart City) енгізу жолымен Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында көше жарықтандыруды жаңғырту жобалары.

2015-2017 жылға арналған кешендік жоспардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша барлық іс-шаралары толық көлемде орындалуда. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде аймақтың ІЖӨ энергия сыйымдылығы 2011 жылға қарағанда (7,39) 25%-ға төмендеді (5,49).