2017 жылғы 23 қаңтарда

2017 жылғы 23 қаңтарда облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, тілдерді дамыту, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларын шақырумен тақырыптық оқу өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Олжас Сансызбайұлы Алимханов ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар үшін көзделетін айыппұлға қатысты баптармен таныстырды.