«Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандыру электр желілерін жаңғырту және пайдалану» жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы ынта білдіру сұранысы

«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 12-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік жобаларды жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыруға тарту мақсатында «Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандыру электр желілерін жаңғырту және пайдалану» жобасын іске асыруға ынта білдіру сұранысы туралы хабарлайды.

Жобаны іске асырудың болжамды құны 732,9 млн.теңге.

Жоба туралы мәліметтер:

  1. Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:

— Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандыру электр желілерін жаңғырту және пайдалану (3 554 шам нүктелерін көше жарықтандыратын энергия үнемдеу шамдарына ауыстыру, соның ішінде 98,2 шақырым — СИП сымдарын ауыстыру, 61 шкаф — АСУНО орнату);

— электр энергиясының тұтынылуын қысқарту;

— «Энергия тиімді және экологиялық қауіпсіз» мәртебесі бар жаңа технологияларға ауысу;

— жарық беру жүйесін ұстауға жұмсалатын шығыстарды төмендету;

— сервистік қызмет көрсету және әрекет ету жүйесін автоматтандыру;

— сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесін (АСУНО) енгізу.

  1. МЖӘ-нің жоспарланатын жобасы бойынша іске асыруға қызығушылық білдіретін әлеуетті жекеше әріптестер 2017 жылғы 10 қаңтарға дейін, өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып осы жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ұсыныс береді, соның ішінде:

— әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекенжайы;

— мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

— заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше тұлғаларды көрсететін тұлғалар туралы деректер;

— объектіге қатысты меншік құқықтарын немесе ұзақ мерзімді жалға беруді растайтын құжаттар, немесе осы Қағидалардың 137-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар.

Жобаға қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда, барынша толық ақпарат алуға болады:

8 (7182) 32-22-20 телефоны бойынша

е-mail: kense.uekh@pavlodar.gov.kz

мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32 үй, 123 бөлме.

Уәкілетті тұлға – Смаилов Нұрсұлтан Сағындықұлы.

Бұдан басқа, Павлодар облысының аумағында басқа салаларды МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша консультация немесе ақпаратты «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-інен алуға болады: телефоны: 8 (7182) 32-46-01

е-mail: kense.debp@pavlodar.gov.kz

мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32 үй, 209 бөлме

уәкілетті тұлға – Федина Вера Геннадьевна.