Энергия және ТКШ саласындағы цифрландыру

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде басқармамен екі бағыт бойынша – энергетикалық кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу және ТКШ объектілерінде цифрлық технологиялар енгізу мониторинг жүргізілуде.

Бірінші бағыт бойынша, қазіргі уақытта, облыстың энергетикалық кәсіпорындары жаңа цифрлық технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде және жеке жабдықтарын жаңартуда.

Мысалы, «Павлодарская РЭК» «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында заманауи ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, толық жаңартылған орталық диспетчерлік пунктін және деректерді өңдеу Орталығын жұмысқа енгізді.

Ұжымдық ақпараттық жүйенің жұмысы сенімділігі енгізілген заманауи IT-жүйелердің: виртуалды серверлер, деректерді бұлтты сақтау орындары, бөлінген желілік резервтік көшіру, байланыс каналдарының және электрмен қоректендірудің қайталануы есебінен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, деректерді өңдеу орталығы автоматтандырылған жүйелерді басқаруды: энергияны бақылау және есептеу автоматтандырылған жүйесі, энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындардың техникалық процестерін бақылау автоматтандырылған жүйесі, биллингтік жүйелер, бухгалтерлік есептеудің қолданбалы бағдарламалары және «ЦАЭК» АҚ компанияларында қызметкерлер құрамын басқаруды шоғырландырады.

Аталған жобаны іске асыру Еуразиялық топтың 8000-нан аса пайдаланушылар жұмысы үшін серверлік және коммуникативтік есептеу қуатын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2020 жылға дейінгі жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерінің интеллектуалдық дамуы шеңберінде, бүгінгі күні, 19 480 элекр энергиясын бақылау мен есептеу автоматтандырылған пункттер орнатылды, ТКШ объектілерінде автоматтандырылған деректер жинағышы бар су шығынын есептейтін 4 767 аспап енгізілді, көпқабатты тұрғын үйлерде деректерді есептеу мен тарату автоматтандырылған жүйесімен (ДЕТАЖ) қамтылған 1 650 жалпыүйлік жылу есептеу аспаптары орнатылды, бақылау-таратушы және орталық жылу пункттерінде автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласында сонымен қатар, Smart-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақылды қалалар концепциясының түйінді бағыттарының бірі интеллектуалды көше жарықтандыруын енгізу болып табылады.

Бұл бағыт бойынша LED шамдарды басқару мен жұмысын бақылауды қамтамасыз ететін, көше жарықтандыруын басқару аппаратты-бағдарламалы комплекстерін (КЖБ АБК) қолданумен, Павлодар және Екібастұз қалаларының көше жарықтандыруын Жаңғырту бойынша келісімшарттарға қол қойылды.

Жобаны жүзеге асыру көше жарықтандыруымен электр энергиясын тұтынуға шығындарды кем дегенде 60%-ға төмендетуге, диспетчерлік орталық және жарықтандыруды басқару жүйесі арқылы көше жарықтандыруы үшін қызмет көрсету шығындарын төмендетуге, қосымша қуаттарды қосу мүмкіндігімен желілерге жүктемені төмендетуге, көше жарықтандыруы қызмет мерзімін ұзартуға, КЖБ АБК негізінде қосымша құрал-жабдықтарды (ауаның ластану құрылғылары, қозғалыс құрылғылары және т.б.) енгізуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйлерде бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты.

2018 жылғы 23-ақпандағы жағдайға компаниялар көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 23% құрайтын (Павлодар қаласының 379 үйінде 3 390 бірлік, Екібастұз қаласында — 91 үйде 732 бірлік, Ақсу қаласында – 48 үйде 305 бірлік орнатылды), 517 тұрғын үйде 4 427 бейнебақылау камераларын орнатты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Казахтелеком» АҚ «Павлодарское ОТД» филиалы, шеңберінде 1600 бейнебақылау камераларын (191 тұрғын үйде, 867 өтпе жолдарында) орнату жоспарланған, Павлодар қаласындағы «бұлтты бейнебақылау» пилоттық жобасын енгізуді аяқтауды жоспарлауда.