Энергетика

Павлодар облысының энергия көздері

 

Облыстың энергетикалық кешені  жалпы белгіленген қуаты 8 447 МВт 7 жылу электр станциясын қосады, оның ішінде Екібастұз
(«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС Станциясы» АҚ),
Ақсу қалаларында («ЕЭК» АҚ) үш республикалық маңызы бар блоктық электр станциялары және Павлодар ( «АК» ЖЭО АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ 2-ЖЭО және 3-ЖЭО), Екібастұз («Павлодарэнерго» АҚ Екібастұз ЖЭО) қалаларында төрт жылу электр орталықтары.

Ақсу қаласын жылумен жабдықтауды «ТНК Казхром» АҚ АЗФ РОК-2 жүзеге асырады.

Облыста қолданыстағы электр станцияларын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, бұл аймақтың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Осылай, Екібастұз 1-МАЭС әрқайсысының қуаты 500 МВт №2 (енгізу 2014 жылы) және №8 (енгізу 2012 жылы) энергия блоктары қалпына келтірілді, қуаты 500 МВт № 1 энергия блогы қалпына келтірілуде (2024 жылы пайдалануға енгізу жоспарлануда).

2013 жылы «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ-да №6 энергия блогын қалпына келтіру есебінен станция қуаты 25 МВт-қа артты, №5 энергия блогын қайта жаңарту есебінен 2018 жылы белгіленген қуатты 25 МВт-қа ұлғайту жоспарлануда.

«Павлодарэнерго» АҚ-да №1 – 65 МВт (енгізу 2012 жылы) және №2, 4 – 20 МВт (енгізу 2015 жылы) турбиналарын монтаждау жүргізілді. №5 – 15 МВт (енгізу 2014 жылы) турбинасын қайта жаңарту.

Нәтижесінде, облыс электр станцияларының парктік ресурстарын қалпына келтіру есебінен, бағдарламаны іске асыру басталғаннан, белгіленген қуат 8 337 МВт-тан 8 447 МВт-қа дейін және реттік орташа жылдық қуат 6 506 МВт-тан 7 492 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

 

Павлодар облысының электр желілері

 

Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км құрайды, қосалқы станциялар саны – 4 349 бірлік, оның ішінде: ПС 220-110 кВ – 78, ПС 35-10-0,4 кВ – 128, ТП, КТП-6-10/0,4 кВ – 4143.

Орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы пайдалануын жүзеге асыратын, кернеуі 220-1150 кВ электр беру желілері «KEGOC» АҚ балансында орналасқан.

110 кВ және төмен электр желілерін «Павлодар электр желілік тарату компаниясы» АҚ және «Горэлектросеть» ЖШС электр желілік компаниялары пайдаланады. Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша энергия арттырушы болып табылады, өндірілетін электр энергиясының жартысынан көбі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі.

Облыстың қалалары мен аудандарының тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын энергия беруші ұйымдар электр желілерін, қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Кәсіпорындар қосалқы станциялардың электр желілерін және электр жабдықтарын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша инвестициялық іс-шараларды іске асырады.

Павлодарлық энергия торабы энергия жүйесінің жұмыс сенімділігін жоғарылату үшін «KEGOC» АҚ және «ПЭТК» АҚ 2011-2018 жылдар кезеңінде «Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭС-мен байланысын нығайту» жобасын іске асыруда.

Павлодар қаласында қуаты 2*40 МВа 110/10 кВ «Усольская» қосалқы станциясы құрылысы аяқталды, бұл Усолка шағын ауданы тұтынушыларының (кардиоорталық, 4-ші емхана, Назарбаев интеллектуалдық мектебі, көпқабатты тұрғын үйлер) электр энергиясымен жабдықтау сенімділігін және қаланың жаңа тұтынушыларын қосу мүмкіндігін (перинаталдық орталық, бірінші қалалық емхана, ПМУ жатақханасы және басқа объектілер) жоғарылатты.

Аталған объектілерді пайдалануға енгізу өндірістік кәсіпорындарды, облыстың қалалары мен аудандарының ұйымдары мен халқын сапалы және үздіксіз электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз етті.