Облыстың энергия үнемдеу саясаты бойынша ақпарат

Павлодар облысында қазіргі уақытта 2015-2017 жылғы қуатты үнемдеуКешенді жоспары жүзеге асырылуда, онда 7 негізгі бағыт қарастырылады, ол 237 шарадан тұрады, сонымен бірге: Қуаты тиімді өндірістік кәсіпорын, Инновациялық энергетика, Қуаты тиімді ТКШ, Қуаты тиімді көлік, Қуаты тиімді бюджеттік сектор, Қуаты тиімді жарық түсіру, Қуаты тиімді қоғам.

Мемлекеттік – энергетикалық реестр

Қазіргі уақытта, облыстық МЭР тізіміне 488 ұйым кіреді, оның ішінде: мемлекеттік мекеме – 302, жалған мемлекеттік сектор – 157, заңды тұлға -29.

2015 жылғы 31 наурыздан № 387 Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму бойынша министрінің  бұйрығымен бекітілген (одан әрі – Ереже), мемлекеттік – энергетикалық реестрдің ресімдеу және жүргізу Ережесінің 5 тармағына сәйкес, Мемлекеттік – энергетикалық реестр ұйымдары (одан әрі – МЭР) «Энергетика және қуатты үнемдеуді дамыту институты» АҚ (одан әрі – Институт) Ереженің 1 қосымшасына сәйкес жыл сайын 1 сәуірге дейін есеп береді.

Соған орай, басқарма қуат ресурстарын тұтыну бойынша МЭР ұйымдары уақытында есеп беруі бойынша мониторинг жүргізеді. Өткізген жұмыстар нәтижесінде, өткен жылдар қорытындысы бойынша (уклонистер) орындалмаған тапсырмалар болған жоқ.

Сонымен қатар, басқарма Ережеге сәйкес жыл сайын 5 қарашаға дейін Ақпарат институтына жаңартылған МЭР тізімі бойынша ақпарат жібереді.

«Қуаты тиімді өндірістік кәсіпорын» бағыты бойынша

Үш жылға арналған Кешенді жоспарымен сәйкес қуаты тиімді өнірістік саласын жоғарлату үшін әртүрлі шаралар жүзеге асырылды, ол 35 мың ш.о.түнемдеуге мүмкіндік берді, сонымен қатар: электр қуатын 50,4 млн. квтч және жылу қуатын 77,7 мың гкал, экономикалық тиімділік 617,4 млн. теңгені құрады.

Соған орай, ресурсты үнемдеу әлеуетін анықтау үшін, ірі қуат ресурстарын тұтынушылармен қуат аудиті жүргізіледі. Қазіргі уақытта мемлекеттік – энергетикалық реестрге енгізілген, барлық ірі кәсіпорындарда қуат аудиті аяқталды.

ИСО 50001 Халықаралық қуат менеджментінің стандартының талабына сәйкес сертификатталған аудитті он төрт кәсіпорын өтті («ЭГРЭС-2» АҚ, «Қазақстан алюминий» АҚ, «ЭГРЭС-1» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «Казэнергокабель»АҚ, «ТНК Казхром»АЗФ АҚ, «КЭЗ» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «ПРЭК» АҚ,  «Павлодарэнерго» АҚ,  «Богатырь комир» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС,«СУТ» АҚ, ГКП «Горводоканал» МҮҰ).

Ақсу ферроқорытпалар зауытында «Газды-мазутты қазандық құрылысы» жобасы іске асырылды, нәтижесінде бұл газ және шаң шағылымдарының көлемін жылына 460 тоннаға қысқартуға, бұл ретте көмірдің шыңынын 20 мың тоннаға және мазутты тұтынуды 500 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, зауытпен «ProLUX» ЖШС (Қарағанды қ.) энергия-сервистік шарт жасалды, ЭСКО аясында 11,5 мың шам жарықдиодты шамдарға ауыстырылады, бұл электр энергиясын тұтынуды 60%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, оның экономикалық әсері жылына 110 млн. теңге.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де мына шаралар жүргізілді: негізгі эжектірлерді қайта өңдеу, турбина ағындарының бөлу жүйесін қалпына келтіру, оттыққа ауаны соруды және қазандық агрегатының газ шығындарын төмендету, меншікті мұқтаждыққа жылу жүйесін және жылу энергиясы шығынын оңтайландыру, бу жоғалту мен жылу схемасындағы конденсатты төмендету, «Овация» АСУТП қосымша өшеу құралдарын орнату, блоктар арасында жылу және электрлік жүктемелерін бөлуді оңтайландыру, электрқозғалтқыштарға жиілік түрлендіргіштерін орнату.

«Алюминий Казахстана» АҚ Т-14 Д-2  айналмалы ерітінді құбырынан №108 (110) айдау сорғысы құбырына монтаждау орындалды, №108 (110) айдау сорғысы құбырына  ДУ-250 Т-14 Д-2 клапан жөнделді, №10/3 дикомпозердің циркуляциялық аэролифтына жөндеу жұмыстары орындалды,  ЖЭО вагондық таразылары ауыстырылды, сорғы жабдығының электр жетектегі шамамен 101  жиілік түрлендіргіштері орнатылды, ст.№1 қазандық агрегатына АСУТП енгізілді.

«Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО – 3 №1 және №3 қазандықтарындаазот оксидтерінің шығарындыларын азайту үшін отынның жану схемасы өзгертілген, №4 және №6 турбиналарында желілік сорғылар және гидромуфтасы (Германия өндірісі) бар Чехия өндірісі сорып тұратын сорғылар өңделді. Желілік сорғы агрегаттарының айналу жиілігін реттеуді енгізу ЖЭО-3 электр станциясының энерготиімділігін арттыруға елеулі мүмкіндік берді. Жыл сайынғы іс-шараларды енгізуден экономикалық әсер 101 млн. теңгені құрайды.

«Павлодар мұнай және химия зауыты» ЖШС  бұдың тұзағынорнату және ауыстыру жүргізілді, битума өндіруді орнату жылу алмастырғыштары схемасы оңтайландырылды (пинч-талдау), 6 кВ қосалқы станцияларда реактивті қуатты қарымталау (УРҚҚ) құрылғысы енгізілді, ЭЛОУ-АТ орнатуында АВО электр қозғалтқыштары жиілік түрлендіргіштері құрастырылды.

«ЕЭК» АҚ станоктарды жөндеу-құрылыс цехында электр қуаты аз неғұрлым энергиялық тиімді станоктарға ауыстыру жүргізілді, температураны реттеу үшін ғимараттарда жылыту радиаторларына вентельдер орнатылды, шығынды есептеуіш шайбалар орнатылды, қазандықтарға параакустикалық форсункалар орнатылды (мазут тұтынуды 1000 тоннаға дейін төмендетеді).

«Павлодар-Водоканал» ЖШС сорғы жабдықтарының модернизациясы жүргізілді, электроқозғалтқыштарға жиілік түрлендіргіштер орнатылды, ТҮКШ объектілерінде автоматтандырылған мәліметтер жиыны бар ыстық және суық су шығындарын есептейтін 4767 аспап енгізілді.

«ПЭТК» АҚ және «Горэлектросеть» ЖШС АСКУЭ енгізу шеңберінде 19 392 есепке алу пункттері орнатылды.

«Павлодарские тепловые сети» ЖШС ТҮКШ объектілерінде автоматтандырылған деректер жинайтын жылу энергиясын есептейтін 1575 аспап енгізілді.

 

 «Қуаты тиімді бюджетті сектор» бағыты бойынша

Бюджеттік сектор мен ТКШ да энергия үнемдеу бойынша шаралар жүргізілуде, 486 квазимемлекеттік сектор объектілерінде энергия аудиті жүргізілді.

Сонымен қатар, заменено 6 463,9 кв.м. терезе алынбалары ауыстырылды, 20 364,6 кв.м. шатыр қайта өңделді, 2 600,1 кв.м. сыртқы қабырғалар жылытылды.

Энергия үнемдеу туралы қолданыстағы Заңнамаға сәйкес әкімдіктер мен облыстық басқармалармен бюджеттік ұйымдарда қыздыру шамдарын энергия үнемдейтіндерге ауыстыру жүргізілуде.

Бүгінгі күнде облыстың бюджеттік ұйымдарында 118 746 жарық нүктелері, оның ішінде энергия үнемдейтін 61 % немесе 72 745 дана, биылғы жылы 10 775 б. ауыстыру жүргізілді.

Сонымен қатар, «Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасы бойынша Бүкіләлемдік банкпен гранттық келісім шеңберінде, Екібастұз қаласының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде және Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында, Май ауданының  Каратерек, Кентубек ауылдарында энергия үнемдейтін және энерготиімді технологиялар мен материалдарды қолданумен аталған объектілерді модернизациялау жұмыстары аяқталды.

«Қуаты тиімді жарықтандыру» бағыты бойынша

Бүгінгі күнде сыртқы жарықтандыру жарық нүктелерінің 33 750-нен энергия үнемдейтін көше жарықтандыруы жарық нүктелерінің бөлігі 34,5 % немесе 11 655 бірлікті құрайды.

2017-2018 жылдары көше жарықтандыруындағы 19 971 шамды энергия үнемдейтінге ауыстыру жоспарланған, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік серіктестігі механизмі шеңберінде 15 981 шам.

Нәтижесінде көше жарықтандыруындағы энергия үнемдейтін шамдар  бөлігі 90% құрауы тиіс.

Биылғы жылы Павлодар және Екібастұз қалаларының көше жарықтандыруын модернизациялау бойынша жалпы сомасы 2,4 млрд. теңге болатын мемлекеттік-жекешелік серіктестігі келісімшарттарына қол қойылды.

Жеке серіктестермен жобалар шеңберінде 16 мың бірлік көше шамдарын заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырумен көше жарықтандыруын модернизациялау, 70 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын, 61 сырқы жарықтандыруды басқару автоматтандырылған жүйесі шкафтарын орнату, 82 км. сымдарды өзі оқшауланатын сымдарға, сондай-ақ дспетчерлік пункті бар көше жарықтандыруын басқару зияткерлік жүйесін енгізу жүргізіледі.

«Қуаты тиімді ТҮКШ» бағыты бойынша

2016-2017 жж. ТҮКШ жаңғырту Бағдарламасы щеңберінде республикалық бюджеттен күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінбеген. Соған байланысты 2016 жылы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары әкімшіліктерімен 74,6 млн.теңге сомасында пәтер иелерінің қайтарымды қаражат есебінен 4 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды.

2017 жылы Павлодар қаласында 31,4 млн. теңге сомасында пәтер иелерінің қайтарымды қаражат есебінен 3 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ қазіргі уақытта Павлодар қаласының 2 тұрғын үйінде және Екібастұз қаласының 1 үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сонымен қатар, энергия үнемдеу шаралары шеңберінде, 2017 ж. Павлодар, Екібастұз қалаларының тұрғын үйлерінде 423 бірлік ОПУТ орнату жоспарланған, сондай-ақ  Павлодар қ. 272 бірлік,  Екібастұз қ. 151 бірлік.

2017 жылғы желтоқсан айы жағдайында жылдық жоспардан 388 бірл. ОПУТ немесе 91,7%, оның ішінде Павлодар қ. 237 бірл., Екібастұз қ. – 151 бірл. орнатылды.

«Қуаты тиімді көлік» бағыты бойынша

Облыста автокөлік құралдарын газға аудару жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, осылай бүгінгі күнде сұйытылған газда жұмыс істеуге бейімделген 2 219 бірлік автокөлік құралдары тіркелген, оның ішінде 1564 бірл. жеңіл, 317 бірл. жүк және 338 бірл. автобустар мен микроавтобустар.

«Қуаты тиімді қоғам» бағыты бойынша

2017 жылы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 78 материал шығарылды, оның 46 мақаласы бұқаралық ақпарат құралдарының баспа құралдарында, 32 материал электронды БАҚ эфирінде.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде энергия үнемдеу бойынша кешенді жоспарды іске асыру брифинг өтті. Бұл ақпарат (29.06) «Звезда Прииртышья» газетінің «Энергия үнемдеу курсы» мақаласында, «Қазақстан-Павлодар» (27.06,30.06), «Ирбис» (27.06) телеарналарының жаңалықтар блогында, «Халық радиосы» эфирінде (28.06) шықты.

Сонымен қатар, «ҚР энергетика және энергия үнемдеу дамыту Институты» және облыстың энергия үнемдеуін дамыту бойынша БҰҰДБ қатар семинар-кеңестер өткізілді, энергия үнемдеу және коммуналдық қызмет көрсетуді автоматтандыру саласындағы коммерциялық ұсыныстардың презентациялары жүргізілді.

 «Инновациялық энергетика» бағыты бойынша

Орталықтандырылған электр жабдықталуға қосылуға мүмкіндігі жоқ облыстың мал шаруашылығы учаскелерінде және шаруа қожалықтарында 105 құрамдастырылған блок-модульдері (күн батареясымен қоса, жел генераторы), жинтық қуаты 97,0 кВт құрайтын 13 бірлік механикалық желсорғыштары орнатылды.

Железин, Ақтоғай, Павлодар аудандарының әкімшіліктерімен күн батареясында жұмыс істейтін сыртқы желіден тәуелсіз (автономды) жарықтандыруды қамтамасыз ететін саны 123 дана автономды көше жарықтандыру кешендері орнатылған (Ақтоғай с. – 2 дана, Черноярка с. – 8 д., Железинка с. – 50д, Жаңажұлдыз с. – 13 д, Алакөл с. – 15 д, Прииртышск с. – 5д, Башмачное с. – 11 д, Веселая Роща с. – 4д, Михайловка с. – 15 д.).

Сонымен қатар, «Клуб Караванеров» ҚБ Павлодар-Астана жол айрықтары учаскесінде Майқапшағай-Омбы трассасының көпірін жарық ету үшін 2 жел генераторы мен 16 күн панелі арқылы жұмыс істейтін жарықдиодты ленталар орнатылған.

С. Торайгыров ат. ПМУ-дежалпы қуаты 11,6 кВт құрайтын 4 жел генераторы және 96 күн батареясы орнатылған жоғары энергетикалық тиімділік көрсетілім зонасы құрылған. «Электроэнергетика» мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарға күн батареясымен жел генерациялаушы қондырғылар базасында тәжірибе сабақтары өткізіледі.

Инновациялық Еуразия Университетімен (ИнЕУ) ағаш рет ашылған еуропалық оқу бағдарламаларына сай «Жаңартылған энергия көздері» мамандануына бакалавр мамандарды, ғылым магистрлерін даярлау жүзеге асырылуда. Халықаралық білім беру жобасы шеңберінде «Жаңартылған энергия көздері» оқу-ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды және табысты жұмыс істейді.

Биылғы жылы, «Галицкое» ЖШС мал шаруашылығы учаскелерін электржарықтандыру үшін соммалық қуаты 2 МВт (өндіруші Германия) 2 жел генераторын орнатуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, Ақсу қаласында энергия генерациясының автономды технологияларын қолданумен (күн панельдері, жел генераторлары) «Ақсу қ. жас натуралистер станциясы құрылысы» жобасы іске асуда.

Инвестициялар бойынша және даму Министрлігімен жыл сайын жергілікті атқару органдарының энергия үнемдеу әне энерготиімділікті арттыру саласында жүргізген жұмыстары бойынша қызметін бағалау жүргізіледі.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде энергия үнемдеу және энерготиімділік мәселесі бойынша жергілікті атқару органдарын бағалау бойынша 2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысы (2012ж., 2013ж., 2014ж., 2015ж., 2016 ж.) бірінші орынды иеленді.

Бүгінгі күнде 2015-2017 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру Кешенді жоспарының барлық шаралары толық мөлшерде орындалды.

Қазіргі уақытта 2018-2021 жылдарға арналған, шеңберінде тиісті жұмыстар жалғасатын, энергия үнемдеудің жаңа Кешенді жоспары әзірленді.