Коммунальное хозяйство

Коммуналды инфрақұрылым жағдайы

 

Облыс бойынша желілердің жалпы ұзындығы 21349,2 км, тозуы 60,2% немесе 12848,6 км құрайды.

Оның ішінде:

— жылу жабдықтау желілерінің ұзындығы 930,6 км, тозуы 62,6% немесе 582,5 км;

— энергия жабдықтау желілерінің ұзындығы 17 500км, тозуы 60% немесе 10 500 км;

— сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 2008,2 км, тозуы 61,2% немесе 1229 км;

— су бұру желілерінің ұзындығы 910,4 км, тозуы 59% немесе 537,1 км.

Қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықталуға қолжетімділік 90%, су бұруға – 86% қамтылған.

Тозылған желілер ұзындығын төмендету мен орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті арттыру және су бұру мақсатында жыл сайын «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Аймақтардың  2020 жылға дейін дамуы» бағдарламасы шеңберінде коммуналдық желілерді қайта өңдеу мен модернизациялау жүргізіледі.

Осылай, ағымдағы жылы «Нұрлыжол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жаңарту және даму Еуропалық банкінің қарызы есебінен Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу жабдықтау желілерінде Павлодар қаласында 4,4 км жылу оқшаулау ауыстыру, Екібастұз қаласында 18,5 км қайта жаңарту және 5 дана блоктық жылыту пункттері құрылысы бойынша 5 жобаны іске асыру жоспарланды.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табиғи монополиялардың субъектілерін несиелеу бағыты бойынша 2017 жылы Ақсу қаласында басталған басты фекалды сорғы станциясын қайта өңдеу бойынша жобаны аяқтау жоспарланды.

«Аймақтардың 2020 жылға дейін дамуы» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, 6 жобаны іске асыру жоспарланды, оның ішінде 2 жобаның іске асырылуы 3 жылға (2018-2020жж.) жоспарланды. Бағдарламалар шеңберінде сорғы жабдықтарын қайта өңдеу жүргізіледі, оның ішінде 21 шаруашылық ауыз су құбырының жоғарылату сорғы станциялары және Павлодар қаласының 2,5 км су бұру, 8,3 км Екібастұз қаласының су бұру желілері және  25,95 км Ақсу қаласының су бұру желілері.

Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен Баянауыл ауданының Майқайың ауылындағы 0,5 км жылу жарақтандыру желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.

Коммуналды кәсіпорындардың амортизациялық аударымдары және меншікті қаражаты есебінен ағымдағы жылы 25,3 км су жабдықтау желілеріне, 3,68 км су бұру желілеріне және 22,4 км жылу жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында энергетика және ТКШ Басқармасымен қосымша 2018 жылға Республикалық бюджетті нақтылау үшін 11 жобаны іске асыру үшін ҚР Инвестициялар мен даму Министрлігіне бюджеттік өтінімдер берілді. Оның ішінде «Аймақтардың 2020 жылға дейін дамуы» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба және «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 жоба.