Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары

Негізгі міндеттері:

1) облыстың энергетиканы, энергия үнемдеуді, энергия тиімділік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты арттыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
2) энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы облыстық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

3) республикалық маңызы бар электр желілері мен электр станцияларын қоспағанда, облыстың энергетика кәсіпорындарын тиімді дамытуға және қызмет етуіне бағытталған шараларды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде облыстың мемлекеттік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіру;

2) құзыреті шегінде облыс энергетика кешенінің және облыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына, облыстың отын қоры мен мемлекеттік ресурстарын жасауға және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру;

3) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың су-шаруашылық ғимараттарының жай-күйіне мониторинг жасау;

4) облыстың коммуналдық меншігіндегі су құбырларын, тазалау ғимараттарын, жылу және электр желілерін басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды, қайта жаңартуды және пайдалануды ұйымдастыру;

5) аумақтарға құрылыс салу, оларды көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу, облыстың тұрғын үй-коммуналдық қорын сақтау және ұстау жөніндегі жұмысты үйлестіру;

6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдер жасайды, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

7) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

8) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне мониторингті жүзеге асыру, оларды жобалау және салу кезінде ұсыныстар енгізу;

9) құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын өткізу;

10) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз суды беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша субсидиялау;

11) құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторинг жасауды жүзеге асыру;

12) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;

14) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;

15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

16) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізу;

17) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келістіру;

18) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылау;

19) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

20) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту;

21) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту;

22) Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;

23) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын бекіту;

24) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері) бекітілген қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, эскалаторларды, фуникулерлерді) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

25) профилактикалық дезинсекцияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекцияны қоспағанда) өткізу;

26) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асыру;

27) облыс аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру және уәкілетті органға жіберу;

28) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құру;

29) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау;

30) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

31) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсыну;

32) «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;

33) «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

34) облыс әкімінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау және орындауды ұйымдастыру;

35) «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыстар орнату және оларды тұрақты дамыту