Азаматтық бюджет

2018 жылы жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру туралы

ақпарат

 

2018 жылы басқарманың бағдарламалары шеңберінде республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 11 120,4 млн. теңге сомасына 14 инвестициялық жобаны, 2 168,3 млн.теңге сомасына абаттандыру бойынша 153 объектіні іске асыру жоспарланады.

Жобалар шеңберінде ағымдағы жылы Павлодар облысы Ақсу қаласының тұтынушыларын жылумен сенімді жабдықтауды арттыру мақсатында қалалық жылыту қазандығының құрылысын жалғастыру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында тұтынушыларды электрмен сенімді жабдықтауды арттыру және қамтамасыз ету мақсатында «Сарыарқа» шағын ауданында магистральді электрмен жабдықтау желілерін салу іс-шаралары, бірінші қалалық аурухананың трансформаторлық кіші станциясын салу іс-шаралары жүргізілетін болады.

Сумен және су бұрумен сапалы жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында басқарманың бюджеттік бағдарламалары шеңберінде нысаналы трансферттер есебінен облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша 8 жоба іске асырылатын болады, соның ішінде:

1) Павлодар қаласында санация тәсілімен канализация коллекторларының үш учаскесін қайта жаңарту бойынша үш жобаны іске асыру басталады:

— диаметрі 1500 мм Киров көшесінен Короленко – Лермонтов көшелері – Набережная көшелері бойынша қалалық тазарту құрылыстарына дейін (2018 ж — 0,7 км.);

— диаметрі 1500 мм Киров көшесінен Короленко – Лермонтов көшелері – Набережная көшесі бойынша ҚТҚ дейін — Центральная көшесі, 14 ғимаратынан Ермаков көшесі бойынша ҚТҚ дейін (2018 ж — 0,7 км.);

— диаметрі 1000 мм Центральная көшесі бойынша Айманов көшесі, 29 бойындағы тұрғын үйден Арғынбаев көшесіне дейін, Лесозавод кенті, ұзындығы 1100 п.м.;

2)  Ақсу қаласында:

—  Ақсу қаласының магистральді су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталады;

— Ақсу кентінің № 6, №11 шағын аудандарында су құбыры желілерін қайта жаңарту;

— басты зәр-нәжіс насос станциясын қайта жаңарту бойынша іс-шаралар жалғасатын болады;

3) Екібастұз қаласында:

— Екібастұз қаласының 19 шағын ауданында су құбыры желілерін қайта жаңарту.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында Орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту және салу бойынша іс-шаралар, 129 квартал ішіндегі аумақтарды ағымдағы жөндеу бойынша іс-шаралар аяқталатын болады.

Ақсу қаласында 15 жалпы аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Баянауыл ауданында Майқайың кентінде жылу желілерін күрделі жөндеу бойынша жобаны іске асыру жалғасады. Шарбақты ауданында Шарбақты ауданында саябақты қайта жаңарту бойынша іс-шаралар, Железин ауданында Железинка селосының 8 көшесінде көше жарықтандыратын 199 шам орнату бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық және қолайлы өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында Павлодар облысының жалпы алаңы 27 060 Га, 1600 шақырым аумағында дезинсекциялық қызметтер, сонымен қатар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 10 005,9 мың м2 алаңда дератизациялық іс-шаралар бойынша қызметтер көрсетілетін болады.