Басшылық


Абулкалыков Мұрат Жұмагелдіұлы  – Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Мұрат Жұмагелдіұлы 1988 жылы туған, қазақ, 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек қызметін 2009 жылы «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, Павлодар қаласы, энергетика бөлімінің маманы лауазымынан бастады.

2009 жылдан 2012 жылға дейін – ішкі бақылау мәселелесі бойынша бас маман, энергетика бөлімі, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – электр энергетикасын дамыту басқармасының сарапшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – бөлім басшысы, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

2015 жылдан 2019 жалға дейін  – «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшының орынбасары.

2016 жылдың қыркүйек айынан «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басшысы.


Бегентаев Бағұстар Мұхаметрахимұлы – «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

Бағұстар Мұхаметрахимұлы 1983 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар, 2005 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Автомобиль және тракторжасау» мамандығы бойынша, 2008 жылы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Электр техника кешендері және жүйелері» мамандығы бойынша Аспирантураны аяқтады. Техникалық ғылым кандидаты.

Еңбек жолын 2005 жылы Екібастұз қаласында ГРЭС-1 станциясында бу-газ турбинасы жабдықтарын жөндеу инженері болып бастады.

2009 жылдан 2013 жылға дейін – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Павлодар қаласы,

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа техналогиялар Министрлігі. «Қазақэнергосараптама» АҚ менеджері, бас менеджері, Астана қаласы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Техникалық саясат және ғылым департаменті, Астана қаласы.

2015 жылдан  2016 жылға дейін – директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі,  «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Энергия үнемдеу және мемлекеттік энергетикалық тізілім департаменті, Астана қаласы.

2016 жылы – директор, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Деректерді жинау және өңдеу орталығы, Астана қаласы.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін – басшының орынбасары, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, Павлодар қаласы.


Испулов Талғат Нұрланбекұлы – «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

Талгат Нурланбекович 1988 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар, 2013 жылы Инновациялық Еуразия Университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек қызметін 2009 жылы Павлодар қаласы, «Казстрой Импульс» ЖШС электрмонтер болып бастады.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – Павлодар қаласы, «ПРЭК» АҚ-да электрмонтер.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – «Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.

2013 жылы – Павлодар қаласы, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Павлодар қаласы, «Павлодар облысының энергетика Басқармасы» ММ энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – Павлодар қаласы, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Басқармасы» ММ энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы.

2015 жылдан — 2018 жылғы 2 наурызға дейін – Павлодар қаласы, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Басқармасы» ММ коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

2018 жылғы 3 наурыздан Павлодар қаласы, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.